Иранда соңғы сегіз жылда болмаған наразылық шерулері өтті (фото, видео)
Иранның батысындағы Керманшах қаласында жұма күні үкіметке наразылық білдіріп шеруге шыққан тұрғындарды полиция күшпен таратты. Шеруге қатысқан ондаған адам ұсталған. Әуелгіде бағаның қымбаттауына наразылық білдірген жұрт көп ұзамай саяси талаптар айта бастаған. Наразылық акциялары бірнеше қалада өткен, деп хабарлайды Фарда радиосына сілтеп Азаттық.
Сурет: bbc.com
Керманшахтағы наразылық шеруін полицияның таратуы
Иранның жартылай ресми Fars және Mehr жаңалықтар агенттіктері Керманшахтағы наразылық акциясына 300 адам қатысты деп хабарлады. Наразылар түрмеден саяси тұтқындарды босатуды талап етіп, “Бостандық немесе өлім” деп ұрандаған.
Әлеуметтік желілерде тараған видеоларда Керманшах қаласының орталық алаңына жиналған адамдардың “Диктаторға өлім келсін!” деп ұрандап тұрғанын байқауға болады. Сонымен бірге наразылар “Халық кедейшілікте өмір сүріп жатыр, ал басшы Аллаға ұқсағысы кеп отыр” деп сын айтқан. Демонстранттар билікті сынаған сөздерінде Иранның рухани жетекшісі аятолла Әли Хаменеидің де, Иран президенті Хассан Роуханидың да аты-жөндерін атаған жоқ.
Иранның Решт, Казвин, Қом және Исфахан қалаларында да наразылық акциялары болғаны туралы хабарланды.
Исфахан қаласындағы наразылық шеруі
Бейсенбіде үш миллионға жуық тұрғыны бар Мешхед қаласында жүздеген адам көшеге шығып, бағаның қымбаттауына наразылық білдірген. Экономикалық проблемаларды айтумен басталған акция барысында үкіметке қарсы талаптар айтылған.
Оқи отырыңыз:
АҚШ-та екі айлық сәби анасының шашының кесірінен башпайларынан айырылып қала жаздады
АҚШ-та акулалар қақаған аяз салдарынан қатып өліп жатыр
Ninety one тобы ендігі қазақтың ұлттық аспаптарымен өнер көрсететін болады
Долларлап ақша табатын әншілер Алматыда пәтер жағалап жүргендерін айтты