Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Иран президенті Тегеранды астанадан көшіру қажет екенін айтты

Фото: Keystone Press Agency / Global Look Press

Иран президенті Масуд Пезешкиан астананы Тегераннан көшірудің қажет екенін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Fars порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Иран басшысының пікірінше, бұған дейін билікке бұл жобаны жүзеге асыруға жеткілікті бюджет болмағандықтан, оны мүмкін емес деп санаған. 

"Бүгінгі шындық осылай. Бізде басқа таңдау жоқ, астананы көшіру мәжбүрлі шара", – деді ол.

CNN 17 қарашада Иранның метеорологиялық ұйымдары Ұлттық ауа райын болжау орталығына сілтеме жасап хабарлағандай, ел бойынша жауын-шашын мөлшері ұзақ мерзімді орташа көрсеткішпен салыстырғанда шамамен 89% азайған. Телеканал атап өткендей, Ирандағы ағымдағы күз соңғы 50 жылдағы ең құрғақ кезеңге айналған.

2024 жылы Пезешкиан астананы Тегераннан оңтүстік жағалауға жақын жерге көшіру қажет екенін айтқан еді.

Президенттің айтуынша, Тегеран шешімін таппайтын проблемаларға су тапшылығы, ауа ластануы және жердің төмендеуі жатады. Астананы көшіру мәселесі Иранда алғаш көтеріліп отырған жоқ. 2013 жылы исламдық кеңес осы жоспарды мақұлдаған еді.

Тегеран халқы су тапшылығына байланысты эвакуцияланбақ

Еске салайық, бұған дейін Иран билігі жасанды жаңбыр шақыру үшін бұлт егуді бастағанын жазған едік.  Бұлттарды егу дегеніміз күміс немесе калий йодиді сияқты реагенттерді ұшақтан немесе жерден бұлттарға енгізу. Бұл су буының конденсациясын жеделдетіп, жауын-шашынның түсуіне ықпал етеді.

Айым Атамбаева
Сенбі, 22 Қараша, 2025 17:47
Талқылау