Иран мен тәліп шекарашыларының арасында қарулы қақтығыс болды
Иран шекарашылары мен "Талибан" қозғалысы әскерінің (Қазақстанда тыйым салынған) арасында Ауғанстан шекарасында қарулы қақтығыс болды. Бұл туралы Ирандағы Систан және Белуджистан провинцияларының басшысы Мейсама Баразанде мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі IRNA басылымыны сілтеме жасап.
Оның сөзінше, атыс жексенбде күндіз басталған. Нақты себебі аталған жоқ. Қаза тапқандар мен жарақат алғандар туралы ақпарат жоқ.
Ауғандық Tolo News арнасы "Талибан" қозғалысының бір мүшесі қаза тапқанын мәлімдеді.
Бұл – екі ел шекарасындағы алғашқы қақтығыс емес. 2021 жылдың 1 желтоқсанында тәліптер мен ирандық шекарашылар арасындағы атыс Иранның Нимроза провинциясының маңында болған. Бұл кезде бірнеше адам оққа ұшты. Ал жанжал ауыл шаруашылығының жеріне иелік етуден басталған.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”