Иран көшбасшысы Израильмен қақтығыс басталғаннан бері алғаш рет көпшілік алдына шықты
Фото: WBC
Аятолла Әли Хаменеи Израильмен соғыс басталғаннан бері алғаш рет халық алдына шықты. Ол Тегеранда өткен діни шараға қатысты.
Израиль-Иран қақтығысы кезінде Хаменеи көрінбей кеткен еді.
"Мәртебелі аятолла Хаменеи имам Хомейни мешітіне жиналған имам Хусейннің шәһидтігін еске алу рәсіміне қатысты", – делінген хабарламада.
Соғыс басталғаннан бері Иранның рухани көсемі Аятолла Әли Хаменеи 25 күн бойы көпшілік алдына шықпады, бірақ халыққа екі рет видеоүндеу жасады.
Көшбасшының екі аптаға жуық болмауы сұрақтар туғызды. Сөйтсе ол өміріне қауіп төнгендіктен, бункерде жасырынған.
Еске салсақ, Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху ABC News телеарнасына Иранның рухани жетекшісі Әли Хаменеиді өлтіруге тайынбайтынын айтқан еді.
13 маусымда Израиль әскері Иранның ядролық нысандарына шабуыл жасап, бірнеше жоғары лауазымды әскери қолбасшыны өлтірген еді. Бұған жауап ретінде Тегеран Тель-Авивке зымырандар мен дрондар арқылы соққы жасай бастады. 22 маусымда қақтығысқа АҚШ қосылды. Америкалық әскерилер Иранның Фордо, Натанс және Исфахан қалаларындағы үш негізгі ядролық нысанына соққы жасады. 24 маусым Иран мен Израиль атысты тоқтату туралы келісімге келді.

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
