Иран әлем чемпионатына қатысудан бас тартты

Иранның спорт министрі Ахмад Доньямали елдің футбол құрамасы әлем чемпионатына қатыспайтынын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Министрдің айтуынша, елдегі қазіргі күрделі жағдай мен туындаған дағдарыс салдарынан турнирге қатысуға мүмкіндік жоқ.
"Көшбасшымыздың қазасынан және елге қарсы жасалған әрекеттерден кейін әлем чемпионатына қатысуға мүмкіндігіміз жоқ. Соңғы сегіз-тоғыз ай ішінде Иранға қарсы екі рет соғыс ашылып, соның салдарынан мыңдаған азаматымыз қаза тапты. Осындай жағдайлардан кейін біз әлем чемпионатына қатыса алмаймыз", – деді Доньямали TV2 арнасына берген сұхбатында.
Айта кетейік, Иран құрамасы G тобына түскен. Бұл топта ирандықтар Бельгия, Египет және Жаңа Зеландия құрамаларымен ойнауға тиіс еді. Топтық кезеңдегі барлық матч АҚШ аумағында жоспарланған.
Әнұран орындаудан бас тартқан Иран футболшыларына Аустралия баспана бермек
Футбол матчында Иранның әйелдер құрамасы әнұран айтудан бас тартты
Футболдан 2026 жылғы футболдан әлем чемпионаты 11 маусым мен 19 шілде аралығында АҚШ, Канада және Мексика елдерінде өтеді.
Тарихта алғаш рет әлем чемпионатына 48 ел қатысады. Иран құрамасы өз тарихында футболдан әлем чемпионатына 6 рет қатысқан.
Еміне 1,5 миллиард теңге қажет: Қазақстандық 7 жасар баланың бұлшықеттері әлсізденіп, жүруі қиындаған