Иракта исламистер жыныстық қатынастан бас тартқан 19 әйелді тірідей өртеп жіберді
Ирактың Мосул қаласында «Ислам мемлекеті» ұйымының жауынгерлері 19 әйелді тірідей өртеп жіберді.
Сурет: www.express.co.uk
Жергілікті белсенді Абдулла аль-Малланың айтуынша, жауынгерлермен жыныстық қатынасқа түсуден бас тартқан әйелдерді темір торларда өртеген.
«Жүздеген адамдар олардың өртеніп жатқанына қарап тұрды. Оларды құтқаратын ешқандай мүмкіндік болған жоқ», – дейді аль-Малла.
Мыңдаған езидтер 2014 жылы Ислам мемлекеті Синждар қаласына шабуыл жасағанда тұтқынға алынған еді. Олардың көпшілігін терроршылар жыныстық қатынас құлдығына ұстайды. Ал, одан бас тартқандардың жазасын береді.
Езидтер – күрдтердің этнопрофессионалды түрі. Олардың діні зороастризм, христиан, иудаизм мен ислам діндерімен байланысып жатады. Радикалды көзқарастағы исламистер оларды шайтанға табынушылар деп санайды.
Талқылау