Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Иракта ауруханада шыққан өрттен қаза болғандар саны өсті: Елде үш күндік аза тұту жарияланды

Ирак астанасы Бағдаттағы ауруханының өртенуінен қаза тапқандар саны 82 адамға жетті. Елдің денсаулық сақтау министрі мен Бағдад мэрі жұмыстан шеттетілді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Еске салайық, Бағдадтың оңтүстік-шығысындағы коронавирус жұқтырғандарға арналған ауруханада сенбі күні түнде оттегі баллондары жарылуы салдарынан өрт шықты. 

Куәгерлердің айтуынша, ғимараттың ішінде дүрбелең басталып, адамдар терезеден секірген. 200-ден астам науқас құтқарылды.

Екі қабатты аурухананың іші толығымен жанып кетті. Ал марқұмдардың көпшілігі көміртегі тотығымен уланған.

Аталған жағдайға байланысты Ирак премьер-министрі мұқият тергеу жүргізуді тапсырды. Сонымен қатар, ол елдің денсаулық сақтау министрі мен Бағдад мэрін міндеттерін орындаудан шеттетті.

Иракта үш күндік аза тұту жарияланды.

Гүлдана Қазтай
Дүйсенбі, 26 Сәуір, 2021 07:40
Талқылау