Ипподром орнына тұрғын үй салынады: Шымкент тұрғындарының наразылығы үдей түсті

Шымкентте ескі ипподром орнына тұрғызылатын жаңа құрылысқа қатысты жергілікті тұрғындардың наразылығы үдей бастаған. Құрылысқа қарсы пікір білдіргендердің айтуларынша, жасыл белдеу аймағына  бас жоспарға сай күрделі құрылыс салуға заң бойынша тыйым салынған. Алайда қалаға миллиардтаған инвестиция тартылады деген қала шенділері бас жоспардың бұзылуында тұрған ештеңе жоқ деп есептейді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның "Информбюро" жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.  

Былтырғы күзде премьер-министрдің орынбасарына таныстырылған жобада аумаққа "BI Group" компаниясы тұрғын үй кешенін салатыны айтылған. Тіпті әкімдік жетекші компанияны көндіруге біршама күш жұмсапты. Дегенмен халықтың наразылығы өрши бастағанда, шенділер бұл әлі жоба ғана, көптің пікірі маңызды деген екен. Алайда құрылысты ақтаған ақпараттар әкімдік тарапынан қарқын алды.

"Ол диалогқа келу керек еді. Сіз көрдіңіз бе, осы мәселе басталғалы бері, әкім бір рет елдің алдына шыққан жоқ. Орынбасарлары шығады", - деді "Оңтүстік Қазақстан" газетінің жетекшісі Абай Балажан.

Ипподром жайлы даулы сұраққа жауап беріп жүрген де қала әкімінің орынбасары екен. Оның айтуынша, құрылыс компаниясы ипподромның 36 гектар жерін 3,5 миллиард теңгеге сатып алады. Оңтүстіктен салық төлеу орнын аштырып, бюджетке 10 миллиард теңге құйдырамыз деп отыр. Жаңа ипподромға да 2 миллиард ақша керек, оны да мойнына алғанын айтады. Әкім инвестормен саудаласса, бәрі де халық үшін, дейді орынбасары. Ал бас жоспардағы рекреациялық аумақта күрделі құрылысқа тыйым бар дегенді ескермеді.

"Ипподромның орнына парк салсын, демалыс аймаққа айналдырсын деп жатыр. Сол жағында 107 гектар Дендропарк, ортасында 29 гектар зообақ, оң жағында 76 гектар "Қазына" саябағы бар. Ол жерге тағы 30 гектарға ағаш еккенмен ешнәрсе өзгермейді. Былайынша айтқанда, үш парк қатар тұрған жерге қыстырып төртінші паркті салғанда не өзгереді?", - деді Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан.

Ал қаланың бұрынғы сәулетшісі Асқар Мамырбаевтың айтуынша, наразы тұрғындар қала әкімінің де, оның орынбасарының да жұмысына кедергі келтіруді емес, тек заң бұзушылықтың болмағанын қалайды. Сонымен қатар шенділердің бас жоспар бұзылса да, инвестиция тартылып отыр деп бей-жай, жеңіл қарауы қынжылтады.

"Бұл бас жоспардың бұзылуына қарсылық білдірдік. Ипподромның тұрған аймағы бас жоспарға сай рекреациялық аумаққа жататындықтан, бас жоспардың бұзылуына қарсылық жасадық", - деді Шымкент қалалық сәулетшілер қауымдастығы қоғамдық бірлестігінің төрағасы Асқар Мамырбаев.

Сондай-ақ  әкімнің тікелей халықпен байланысқа шықпауына байланысты жанашыр топтың реніші артқан.

Еске салайық, Шымкенттее ипподром дауы былтыр басталған. Наразы ттоа жасыл аймақ белдеуіндегі шұрайлы жерге он екі қабатты биік үйлердің түскенін қаламай отыр.

Кейіннен жағдайға Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов түсініктеме берді.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр