AAPL
172.1 $
2.14 %
TSLA
900.09 $
4.68 %
NDAQ
190.42 $
2.06 %
GOOGL
121.68 $
2.39 %
FRHC
57.85 $
0.75 %
AAPL
172.1 $
2.14 %
TSLA
900.09 $
4.68 %
NDAQ
190.42 $
2.06 %
GOOGL
121.68 $
2.39 %
FRHC
57.85 $
0.75 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Бар-жоғы үш сағатта баспаналы болдым": Алматы тұрғыны цифрлық ипотеканың көмегімен қалай үй алғанын айтып берді

Қазақстандықтардың көпшілігі бүгінде тұрғын үйді ипотекалық қарызға рәсімдейді. Бұл процестің әдетте банк филиалдарына бірнеше рет барып, ұзын-сонар кезекте тұру, қағазбастылықпен жүретіні жасырын емес. Кейде, тіпті, азаматтарға банк шешімін ұзақ күтуге тура келіп жатады. Бұрындары үйде отырып баспана алуды елестету қиын еді, ал технологиялар қарыштаған қазіргі заманда тұрғын үй ипотекасын қашықтан рәсімдеуге мүмкіндік пайда болды. Мұндай мүмкіндікті қазақстандықтарға Freedom Bank сыйлап отыр. 

Ұлболсын Бердібекова, жеке архивтен

33 жастағы Ұлболсын Бердібекова – цифрлық ипотеканы рәсімдеген алматылықтардың бірі.  Жақында ол мегаполис маңынан екі бөлмелі үй сатып алды. Баспаналы болуды жылдар бойы армандапты. Сәті түсіп, цифрлық ипотеканың көмегімен үш сағатта баспана алған кейіпкеріміз тәжірибесін редакциямызбен бөлісті.

Мемлекеттік бағдарлама бойынша үй алуды жоспарлаған кейіпкеріміз Freedom Bank ұсынған мүмкіндік туралы естиді.

Жеке пәтерім болмағандықтан, Алматы қаласында ата-анаммен бірге тұрып келдім. Бір жыл бұрын жеке тұрғын үй алу мақсатында қаражат жинай бастадым. 20% мөлшеріндегі бастапқы жарнаны жинап, "7-20-25" бағдарламасы бойынша баспана алу үшін әрекеттендім. Тұрғын үй салушы Freedom Bank арқылы пәтерді онлайн және бір тәулікте алуға болатынын айтты. Барлығы соншалықты жылдам болады деп ойламадым", – деп есіне алады ол.

Алматылық ару Freedom Bank арқылы ипотеканы үйде отырып рәсімдеуге болатынын білгенде, қатты таңғалғанын жасырмайды.

Бар-жоғы 4 қадам және бәрін онлайн өтуге болады. Алдын ала банк тарапынан мақұлдауға ие болдым, пәтердің бағалауын да өздері жүзеге асырып берді. Ал келесі күні үйді құжат жүзінде рәсімдедік. Бұл – ары кетсе, жарты күндік жұмыс. Әрине, өте ыңғайлы. Бұған дейін мұндай бағдарламаның бар екендігінен бейхабар едім, тіпті, мұндай банктің бар екенін де білмедім", – деп ағынан жарылды Ұлболсын.

Кейіпкеріміз пәтерді рәсімдеу онлайн жүретіндіктен, процесс өте оңай әрі жылдам болғанын да айтып өтті.

Банктің менеджерлері сізге басынан аяғына дейін қолдау көрсетеді. Оларға кез келген сұрақпен хабарласа аласыз. Жауапты да жылдам аласыз. Бір сөзбен айтқанда, банктің қызметі өте жақсы. Осының барлығы үшін бөлімшесіне де шапқылап жүрудің қажеті жоқ. Бас-аяғы үш сағаттың ішінде үйді ипотека арқылы рәсімдеп алдым. Банк  бөлімшесіне мүлдем барған жоқпын, тек келесі күні ғана үй салушыға барып, нотариалды түрде пәтерді өз атыма аудардым", – дейді ол.

Ұлболсын Алматы маңынан 2 бөлмелі, ауданы 85 шаршы метр пәтер алған. Жалпы құны – 23 млн 500 мың теңге. Алғашқы жарна ретінде соманың 20 пайызын құйып, 7%-бен 25 жылға рәсімдеген.

Ұлболсын Бердібекованың құрылысы толық аяқталмаған үйі, жеке архивтен

Айта кетейік, цифрлық ипотека дегеніміз – ипотекалық несиені онлайн рәсімдеуге мүмкіндік беретін инновациялық және технологиялық банк сервисі. Мұндағы артықшылық – өтінім беруден кепілді тіркеуге дейінгі әрбір қадамды қашықтан әрі өте жылдам өту мүмкіндігі.

Цифрлық ипотеканы рәсімдеу банк сайтында жүзеге асады. Ол үшін ең алдымен платформаға кіріп, ипотекалық калькулятормен шарттарды есептеу керек. Ал өтінімді содан кейін бересіз. Ол үшін ЖСН мен телефон нөміріңізді енгізіп, жеке тұлғаңызды видео арқылы растайсыз. Келесі қадам –  құрылыс салушы компания мен ТК (тұрғын үй кешені) атауын енгізесіз.

Бұдан соң сатып алу-сату шартын рәсімдеу қажет. Әдетте барлық рәсімдеу мен қарыз беру процесіне бір тәулік қана кетеді. Осы арқылы дәстүрлі, яғни, офлайн түрде ипотека рәсімдеумен салыстырғанда, тұтынушылардың уақыты айтарлықтай үнемделеді. Банктің мақұлдауына бар болғаны 3 минут, ал бағалауға 5 минут кетеді.

Айта кетерлігі, Нұр-Сұлтан, Алматы және қала маңындағы аймақтар мен Ақтау, Атырау, Шымкент тұрғындары 25 млн теңгеге дейінгі сомада үй ала алса, Қарағанды қаласы үшін 20 млн теңгеге дейін, ал өңір тұрғындары 15 млн теңгеге дейін ипотека рәсімдей алады.

Банк қарызы 3 миллион теңгеден басталады, ипотека 3 жылдан 25 жылға дейінгі мерзімге беріледі. Бастапқы жарна – 20%. Банктің көмегімен «7-20-25» мемлекеттік бағдарламасы бойынша жаңа пәтер (мөлшерлемесі 7%, ЖТСМ – 7.2 %-ға дейін), одан бөлек қайталама нарықтан тұрғын үй  (мөлшерлемесі 16 %, ЖТСМ – 17.6 %-дан бастап) алуға болады.

Ұлболсын цифрлық ипотеканың артықшылығы – банк бөлімшесінде кезекке тұрып, құжаттармен ары-бері шапқылап жүрудің қажеті жоқ, сондай-ақ, бірнеше сағатта үйлі болуға мүмкіндік деп отыр.

«Цифрлық ипотека мүмкіндіктері жайлы қазақстандықтар білуі тиіс, себебі бұл қоғамға керек бағдарлама деп ойлаймын. Сайтқа кірсеңіз, арлығы өте оңай әрі түсінікті. Әрбір қадам платформада көрсетіліп тұрады. Тағы бір ұнағаны, телефон нөмірі арқылы тіркеліп, менеджердің көмегінсіз-ақ өтінішті онлайн түрде тапсырасыз», – дейді ол. 

Су жаңа пәтер иесі небәрі бір тәулікте баспаналы болғанына өзі де сене алмаған, ал жақындары бастапқыда таңырқай сеніңкіремегенін еске алады. 

«Өте қатты қуандым. Үйдегілер де тез арада пәтер алғаныма аң-таң.

Үйде әлі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқандықтан, пәтердің кілтін әзірге алған жоқпын. Жарты жыл ішінде пәтерге кірсек деген ниет бар», – деп түйіндеді ол. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр