Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Иорданияда күйеуінің туыстары мәжбүрлеп ұстаған қазақстандық әйел екі баласымен елге оралды

Иорданияда күйеуінің туыстары мәжбүрлеп ұстаған қазақстандық Татьяна Бережная отанына оралды, деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасап Stan.kz.

Иорданияда күйеуінің туыстары мәжбүрлеп ұстаған қазақстандық әйел екі баласымен елге оралды

Татьяна бірнеше ай бұрын екі қызымен бірге азаматтық некедегі күйеуінің  Иорданиядағы туыстарына қонаққа барған. Ер адам кәсібіне байланысты мәселелерді реттегеннен кейін артынан баруға уәде берген.

Әйелдің сөзінше, бастапқы уақытта бәрі жақсы болған. Бірде күйеуінің туысы одан төлқұжаты мен балаларының құжаттарын сұраған. Онысы визаның уақытын ұзарту үшін деп ақталыпты. Алайда туыстары құжаттарды қайтаруға асықпаған. Артынша Татьяна қыздарының азаматтығы өзгертілгенін білген. Мұнан кейін оны күйеуінің туыстары елде мәжбүрлеп ұстап, жібермей қойған.

«Бізді сол жақта ұстап қалу үшін осылай жасады. Мұнан кейін күйеуім келді. Ол билеттерді бергеннен кейін, біз жинала бастадық. Ол бізбен бірге келіп, бізді Алматыға әкелді. Бастысы, балаларыммен бірге қайтып келдік, біз үйдеміз. Енді ешқайда бармаймыз», – дейді Татьяна.

Татьяна Бережная Қазақстанға оралғаннан кейін азаматтық некедегі күйеуімен арасын үзген. Десе де істің мұнымен бітпесі анық. Себебі қыздардың ата-анасы олардың азаматтығы туралы мәселені шешуі тиіс.

Оқи отырыңыз:

Мысықты атқым келді: Ақтауда аулада ойнап жүрген балаға оқ атқан жігіт басқаша сөйлеп шықты

Ақтауда 19 жастағы сарбаз түрмеден қашқан 21 сотталушыға жалғыз өзі төтеп берген

Ақтауда 7 жасар балаға оқ атылған сәт видеоға түсіп қалған (видео)

Қостанайда әйелдер сырғанауға арналған алаң үшін шу шығарып, жасөспірімді ұрып тастады (видео)

Талқылау