Иордания астанасындағы Израиль елшілігінің жанында атыс болды (видео)
Аммандағы Израиль елшілігінің жанында оқ атылып, полиция аумақты қоршауға алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі The Times of Israel басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: Видеодан скрин
Куәгерлердің айтуынша, полиция мен жедел жәрдем қызметкерлері тез арада дипломатиялық өкілдік орналасқан Рабия аймағына жеткен.
Полиция қызметкерлері тұрғындарды үйден шықпауға шақырды. Ал Қауіпсіздік күштері күдіктілерді іздеуге кірісіп кеткен.
Шетелдік БАҚ мәліметінше, елшілікке жақын аумақта Израильге қарсы жиі қақтығыстар болып тұрады.
Кейбір араб тілді БАҚ оқиға орнынан түсірілген кадрларды жариялады.
مراسل #قناة_العربية: قوات الأمن تغادر تدريجيا منطقة السفارة الإسرائيلية بعمّان pic.twitter.com/vPWNPRza3J
— العربية (@AlArabiya) November 24, 2024
تغطية صحفية: سماع إطلاق نار في محيط سفارة الاحتلال في العاصمة عمان مع تواجد أمني مكثف pic.twitter.com/Ompju7JX31
— شبكة قدس الإخبارية (@qudsn) November 24, 2024
Кейінірек басылым оқ атқан ер адамның өлтірілгенін хабарлады. Оқиға салдарынан кем дегенде үш полиция қызметкері жараланды.
Айта кетейік, бұған дейін Израиль Ливандағы тұрғын үйлерге әуе соққысын жасап, төрт адам көз жұмған еді.