Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Инвестор болуға қаншалық дайынсыз?

“Инвестор боламын” деп шештіңіз бе, әлде әлі ойланып жүрсіз бе? Инвестиция қаржылай мақсатттарға жеткізетін күшті құралға айналуы мүмкін. Бүгінгі материалда Stan.kz агенттігі сіздің инвестор болуға қаншалық дайын екеніңізді тексереді және инвестицияға ыңғайлы құралдың бірі пай қорына тоқталады. 

Иллюстрация: Stan.kz

Инвестициялау – белгілі бір білім мен дайындықты талап ететін маңызды қадам. Инвестицияның түрі көп: пай қорлары, жылжымайтын мүлік, құнды қағаздар және тағы басқа. Әрқайсының өз артықшылығы мен қауіп-қатері, болжамды табысы бар. Табысты түрде инвестициялау үшін адам тәуекелдерді түсінуі керек, нақты стратегиясы болуы керек және қаржысын басқара білуге тиіс. Дегенмен қазір бұл салада тәжірибесі жоқ адамдар да инвестициямен айналыса алады. Бұл туралы айтпас бұрын сіздің инвестор болуға қаншалық дайын екеніңізді тексеріп көрейік. Ол үшін мына тесті тапсырып көріңіз.

тест
7 сұрақ
Инвестор болуға қаншалық дайынсыз?
 
 
/
7
Инвестор болуға қаншалық дайынсыз?

Артық ақшаңыз бар ма?

 
/
7
Инвестор болуға қаншалық дайынсыз?

Қаржылай инвестицияға қатысты тәжірибеңіз бар ма?

 
/
7
Инвестор болуға қаншалық дайынсыз?

Тәуекел ете білесіз бе?

 
/
7
Инвестор болуға қаншалық дайынсыз?

Инвестициямен не үшін айналысқыңыз келеді

 
/
7
Инвестор болуға қаншалық дайынсыз?

Инвестицияға күніне қанша уақыт бөле аласыз?

 
/
7
Инвестор болуға қаншалық дайынсыз?

Инвестицияға қатысты ақпаратты қайдан алғанды жөн көресіз?

 
/
7
Инвестор болуға қаншалық дайынсыз?

Сіздіңше, төмендегі жауаптың қайсы инвестиция болып саналады?

Инвестор болуға қаншалық дайынсыз?
Нәтиже
 
Бөлісу
 
Инвестор болуға қаншалық дайынсыз?
Нәтиже
 
Бөлісу
 
Инвестор болуға қаншалық дайынсыз?
Нәтиже
 
Бөлісу
 
Интерактив: тест
Квиз: Инвестор болуға қаншалық дайынсыз?

Пай қорлары – азаматтардың инвестиция ретінде салған ақшаларын басқаратын қаржы ұйымы. Олар инвесторлардың ақшасын жинап, белгілі бір компанияның акциясы, құнды қағаздар, облигация, жылжымайтын мүлік сияқты түрлі активке инвестиция етіп салады. Сөйтіп бір “портфель” құрады. Инвестор сол портфелдің ішіндегі белгілі бір пай, яғни үлесіне ие. Пай қорлары және оларды қалай таңдау керек екенін бұған дейін жазған материалымыздан оқуға болады. 



Инвестор пай қорлары арқылы пай сатып алса жеткілікті. Кейін сол пай қорын басқаратын компанияның білікті мамандары инвестор үшін нарыққа анализ жасап, активтерін басқарып, шешім қабылдап отырады. Мәселен, Halyk Finance адам мүмкіндігі мен қаржысына қарай, түрлі пай қорларын ұсынады. Солардың бірі –  “Halyk Global” пай қоры. Бұл қордың шарттары кейбіріне тиімді болуы мүмкін. Себебі мұнда бастапқы жарна ретінде 100 доллар салуға болады. Кейін тәжірибе жинай келе немесе қосымша ақша болғанда тағы салуға, пайларды сатып алуға болады.

Пайды сатып алған соң, арнайы маман басқарып, ай сайын инвесторға активтері туралы толық есеп беріп отырады. Бұл пай қоры арқылы тек жергілікті емес, әлемдік компанияларға да инвестициялауға болады, яғни қор аз ақшамен үлкен аренаға шығуға мүмкіндік береді. Пай қорларындағы пайларды кейін сатуға да, сыйлап жіберуге де болады. 

Десе де кез келген инвестиция түрі, оның ішінде пай қоры да инвестордың пайда табатынына 100% кепіл бермейтінін ескерген жөн.

“Halyk Global” пай қорынан қалай пай сатып алуға болады?

Адам өзіне ыңғайлы пай қорынан пайды сатып алу үшін ең әуелі брокелік шот немесе ұстаушының Орталық депозитарийдегі шотын ашуы керек. Оған қоса компания менеджеріне өтініш жібереді. Мәселен, Halyk Finance-тың ресми сайтына кіріп, ол жерден “Активті басқару” бөлімін, оның ішінен “Halyk Global” пай қорын таңдап, төмен жақта көрсетілген бағанға жеке мәліметтерді жазып, тегін консультацияға өтініш жіберуге мүмкіндік бар. Кейін менеджерлер өзі хабарласады. Инвестор өз бетімен де сайтта көрсетілген нөмірлерге хабарласып, пай қорынан пай сатып алғысы келетінін айтуына болады. Компания қызметкерлері оған шот ашуға, пай сатып алуға көмектеседі.

STAN.KZ
Сейсенбі, 06 Тамыз, 2024 14:42
Талқылау