Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Инвестицияға алғашқы қадам: Stan.kz редакциясы "Инвест-компас" оқыту курсынан өтті

Әлемдік пандемиядан кейінгі кезең және жаңа технологиялардың дамуы Қазақстанда жеке инвесторлар үшін қолайлы жағдай тудырды. Сәйкесінше қор нарығына ақша құятын инвесторлардың басым бөлігі дәл осы кезеңде, яғни 2021 және 2023 жылдар аралығында нарыққа қосылған. Қазақстандықтардың жаппай бағалы қағаздарға қызығушылық танытуына бірнеше фактор әсер етті. Солардың ең бастысы – инвестицияның көп уақыт алмауы мен қаржыны тиімді сақтау жолын ұсынуы. Stan.kz редакциясы да еліміздегі ірі брокердің бірі ұсынған "Болашаққа инвестиция" жобасына қатысып, инвестиция әлеміне өз бетінше қадам жасауға болатынын дәлелдеді. Бұл материалда "Инвест-компас" курсын меңгерген қатысушылар алған әсерлерін бөлісті. Олар алдағы уақытта осы бағытта егжей-тегжейлі білім алады, инвестиция жасап көреді.

сабақ

Freedom Academy өткізген оффлайн-сабақ

Инвестицияға алғашқы қадам: Қатысушылар қандай білім алды?

Freedom Broker-мен бірге дайындалған арнайы жоба – “Болашаққа инвестиция" бірнеше оқыту курстарынан тұрады. 

Онлайн сабақтар басталмай тұрып қатысушыларға арналған “Қаржылық дегустация” атты офлайн транформациялық ойын ұйымдастырылды. Мұнда инвестиция әлеміне қатысты жалпы маңызды деректер айтылып, қатысушылар бір-бірімен танысты. Оларға инвестициялық құралдар арқылы қомақты қаржыға инвестиция жасау керек болды. Осылайша қатысушылар қызық мағлұматтар алып қана қоймай, оны практикада қалай қолданылатынын түсініп қайтты. 

Оқытудың алғашқы бөлімі "Инвест-компас" деп аталады. Вебинарды инвестиция саласында 15 жылдық тәжірибесі бар Талғат Байбосынов өткізді. Сонымен қатар ол – АҚШ-тың қаржы нарығында 7 жылға жуық сауда жасаған маман. 

Freedom Academy өткізген оффлайн-сабақ

"Инвест-компас" курсындағы сабақтар үшке бөлінген. Алғашқы сабақта қор нарығы мен мұнда ақша табудың жолдары жөнінде ақпарат алды. Бұдан бөлек техникалық сараптама мен фундаменталды сараптаманың ара-жігін ажыратып, сараптаманың не үшін керегін білді.  

Мәселен, вебинар барысында Талғат Байбосынов табыс табудың негізгі 4 түрі: акцияны сатып алу және сату құнындағы айырмашалық арқылы, дивиденттер, қысқамерзімді өзгерістер кезінде және облигацияға инвестициялау арқылы қаржыны көбейту жолдарын түсіндірді. 

Ал екінші сабақта қатысушылар техникалық сараптаманың не үшін керек екенін біліп, нақты мысалдар арқылы алған білімді бекітті. Сонымен қатар вебинар барысында фундаменталды сараптаманың 4 постулаты (экономикалық индикаторлар, қаршылық есеп, саланы бағалау, жаңалықтар) қатысушыларға толық түсіндірілді. 

сабақ

Freedom Academy өткізген оффлайн-сабақ

Үшінші сабақ барысында таймфрейм, техникалық индикатор, макроэкономикалық көрсеткіштер секілді қор нарығына қатысты жаңа терминдермен танысты.  

Неге Freedom Academy?

Freedom Academy ұсынған курстар мен вебинарлар кәсіби трейдерлермен қатар инвестицияны енді бастағандарға арналған. Бағдарламаның негізгі мақсаты бағалы қағазбен сауда жасау негізін үйрету, нарыққа сараптама жасау, алған білімді брокерлік есепшотта сауда жасай отырып тексеруге бағытталған. Осы ретте Freedom Broker білім беру жобалары департаментінің директоры Жанна Кашенова студенттер үшін бірқатар оқу материалдарды қолжетімді екенін атап өтті. 

жанна

Жанна Кашенова, фото Freedom Broker

“Біздің студенттер үшін сабақ өтіп, үй тапсырмасын орындай алатын онлайн-платформа, 20 оқу буклеті бар материалдар кітапханасы, практикалық сабақтар үшін Tradernet сауда платформасы қолжетімді болады. Ал оқу бағдарламамызды қаржы сарапшылары, бағалы қағаздармен 10 жылдан аса сауда жасап келе жатқан трейдерлер дайындайды. Мамандар нарықтағы трендтерді бақылап, бағдарламаны үнемі жетілдіріп отырады. Академия – Қазақстандағы ірі брокерлердің бірі – Freedom Broker компаниясының бір бөлігі. Осылайша білім алушылар Tradernet платформасында сауда жасап, озық аналитикалық құралдарды пайдаланады”, – деп қосты Жанна Кашенова. 

Департамент директоры білім беру процесінде ғана емес, оқу аяталған соң да қатысушыларға қолдау көрсетіледі дейді. 

“Статистикаға сүйенсек, тыңдаушылардың 80%-ы бастапқы екі аптада курсқа жұмсалған қаржысын қайтарып алады. Ал 90%-дан астамы тегін бағдарламадан кейін брокерлік есепшот ашқан. Тыңдармандардың курс және вебинар туралы пікірін сайтымыздан оқи аласыздар”, – деп түйіндеді департамент басшысы. 

“Оқытудың форматы жаңа білім алуға ыңғайлы болды”

“Болашаққа инвестиция” жобасына Stan.kz ұжымы да қатысып, инвестиция жайлы алғашқы білімін алды. Редакция журналисі Салима Бағашар “Инвест-компас” онлайн курсының алғашқы бөлімін аяқтаған соң өз нәтижесімен бөлісті. Оның сөзінше, бағдарламаның басты артықшылығы уақытты үнемдеуінде екен. 

Салима Бағашар, Stan.kz

"Freedom Academy-да оқу “Қаржылық дегустация” тренингінен басталды. Осы кезде бізбен бірге жетістікке жеткен кәсіпкерлер, қаржы әлеміне қызығатын және инвестицияда сәтсіздікке ұшыраса да, мойымай, қайта бағалы қағаздар әлеміне аяқ басқан жандардың қатысып жатқанын білдім. Мені дәл осы қатысушылардың талпынысы қызықтырды. Себебі бір жағынан олар бұған дейін қаржысынан айырылып, күйзелісті де басынан өткізген. Алайда ақыр аяғында осы курсқа қатысып, қай жерде қандай қате жасағанын анықтауға келді. Олардың орнында көбі қаржыны көбейтудің осындай жолы барын ұмытып, инвестицияға екінші жоламас та еді. Оқу форматының үлкен артықшылығы – уақытты үнемдеуі. Меніңше, әр қатысушыда қай жерде екеніне қарамастан, білім алу мүмкіндігі болуы керек. "Инвест-компас" тренингі онлайн форматта болды және ондағы жазбаларды қайта тыңдауға мүмкіндік бар. Сол себептен оны кез келген жерде, кез келген уақытта қайта қарауға болады. Өз басым үйге қайтып бара жатқанда, онлайн курс кезінде қоғамдық көлікте отырып-ақ жаңа ақпарат ала алдым", – дейді Салима Бағашар. 

Қатысушының айтуынша, бағдарламаның алғашқы күндерінде қор нарығының негізі – сату-сатып алу процестері туралы білген. Ал жеке портфелді құрудың негізгі принциптерін игеру келешекке арналған инвестициялық жоспарды әзірлеуде көмегін тигізеді дейді.

"Портфель жасау кезіндегі басты талап – кіріс көлемі. Біз кірісіміздің қандай болғанын қалаймыз? Келесі талап – мерзім, яғни бұл біздің қанша уақыт күте алатынымызға байланысты. Бірі 10 жылда табыс тапқысы келсе, екіншісі 1 жылдың ішінде табысты болып шыға келгісі келеді. Алған білімім арқылы бүгінде мен қысқамерзімді инвестицияға қатысты техникалық сараптама жасаймын. Дегенмен қазір мен үшін инвестициялаудың дивидендтік стратегиясы қызығырақ. Өйткені аталған стратегияда қауіп-қатер деңгейі төмен, ал табысы көңіл көншітерлік. Бірақ әр компанияның дивидент бойынша ұстанатын саясатын ажырата білу маңызды. Айтып өткенімдей, қысқамерзімді инвестиция мен үшін тиімді. Мұндай қадам қолда бар бос қаржыны айналымға салуға жол ашады", – деп түйіндеді ол.

фридом

Freedom Academy өткізген оффлайн-сабақ

“Инвестиция арқылы жұмыс істемей-ақ табыс таба алады”

Stan.kz ақпарат агенттігінің бас редакторы Назерке Мұса “Инвест-компас” курсының бірқатар артықшылықтарын атап өтті. Сөзінше, үш сабаққа бөлінген арнайы бағдарламаның арқасында өзге қатысушылармен бірге қаржылық операцияларды тиімді жүзеге асыруға қажетті алғашқы білім алған. 

Назерке

Назерке Мұса, фото Stan.kz

"Инвестиция жасау кезінде ескеру керек дүниелер өте көп екен. Негізгі қиындықтардың бірі терминологияны меңгеру және оның практикада қолданылуы болды. Сондай-ақ тәжірибем жоқ болғандықтан бірден тақырыпты түсініп кету қиын екен. Дегенмен қазір ақырындап оларды да меңгеріп, инвестиция әлеміне еніп келе жатырмын. Курста қатысушыларға бірден анализ, яғни талдау жасаудың түрлерін үйретті. Бұл ақпарат маған қызық көрінді. Техникалық талдау көбірек ұнады, себебі онда сіз трендтерді бақылап, болып жатқан оқиғалар мен жаңалықтарға мән бере отырып, нарықты талдайсыз. Ал фундаменталды талдау маған белгілі бір қаржылық базаны қажет ететіндей", – дейді Назерке Мұса. 

Журналист алдағы уақытта бір күн немесе апталық, қысқа мерзімді инвестиция бағытын таңдапты. Мұндай шешім қабылдауға алғашқы сабақта тапсырған "Қандай инвесторға жатасыз" тесті себеп болған екен. 

"Тест нәтижесінде "қалыпты инвестор" қатарына жататыным анықталды. Бұл – тәуекел мен кіріс арасындағы тепе-теңдікке ұмтылатын инвестор. Расында да кез келген нәрседе баланс ұстағым келеді. Курс барысында мен инвестиция арқылы ақша табудың әртүрлі тәсілдерін, мысалы, дивидендтер мен капиталдың өсімін, сондай-ақ инвестициялау үшін дұрыс активтерді қалай таңдау керегін білдім. Инвестициялау кезінде белгілі бір компанияның немен айналысатынын білу маңызды екен. Портфельді жинау кезінде сіз не күтесіз, қандай нәтиже қалайсыз соған мән берген дұрыс және инвестициялық идеяларды да өз бетіңізше қарастырып жүрген жөн", – деп қосты ол.

Назерке Мұса курстан алған әсерін бөлісе келе, әркімнің өзінің қаншалықты тәуекелге бара алатынын да ескергені абзал деген ойды айтты. 

"Мысалы, мен облигацияларға қаржымның 30%-ын салуға дайынмын және сол қаражатты белгілі бір жағдай болса, жоғалтуға да дайынмын. Қандай акцияларды сатып алған немесе сатып алмаған дұрыс, неге компанияның беделіне назар аудару керек – осы сияқты маңызды ақпарат айтылды. Мысалы, мен үздік инвесторлар дамыған елдердің облигацияларын, атап айтқанда АҚШ ұсынатын облигацияларды таңдайтынын білмеппін. Олар облигацияларды доллармен алып, сосын өз валютасына айырбастайды екен. Осы арқылы жұмыс істемей-ақ табыс таба алады. Инвестиция үлкен мүмкіндіктер әлемі екеніне тағы бір рет көз жеткіздім", – деп түйіндеді Назерке Мұса. 

“Ең қажет деген деректерді білдім”

Алексей Мутасов, фото Stan.kz

Бағдарламаның тағы бір қатысушысы, кәсіпкер Алексей Мутасов алғашқы үш сабақтан-ақ қаржы әлемі мен инвестициялау туралы ең қажет деген деректерді білгенін жеткізді. Кәсіпкердің сөзінше, бағдарламаға қатысу кезінде өзіне ұзақ мерзімді инвестициялау стратегиясын таңдаған. 

"Әзірге қор нарығына қаржы салып, акциямен саудалауды бастаған жоқпыз. Әйткенмен қазірден өзіме 3 жылдан 5 жылға дейінгі мерзімге, яғни ұзақмерзімді инвестицияны таңдадым. Бұл кезеңде портфелімді технология, коммуникация сервистері, жартылай өткізгіштер, денсаулық сақтау саласындағы компаниялар деп бөлемін", – деді ол.

“Қор нарығының құрылымы өте қарапайым екенін ұғындым”

Stan.kz редакциясының журналисі Ақберен Амангелді де “Болашаққа инвестиция” жобасына қатысқан. Алайда денсаулық жағдайына байланысты бағдарламаны жалғастыра алмағандықтан, оның орнына сайттың шеф-редакторы Назархан Уән қатысады. Назархан курс аясында акцияны сату және сатып алу, қор нарығының құрылымы туралы ақпарат алғанын айтты. Алғашқы сабақтан кейін-ақ ол тек шетелдік емес, қазақстандық компаниялардың акциясына инвестиция жасау туралы шешім қабылдаған.

Назархан Уән, фото Stan.kz

"Бұған дейін табысты еселеудің жолдары туралы білсем де, инвестицияның тиімділігі жайлы алғаш рет осындай кең көлемді мағлұмат алдым. Спикердің бастауымен қор нарығына алғаш қадам жасадық. Фридом Академиядағы сабақтардан кейін қор нарығының құрылымы өте қарапайым екенін ұғындым. Сонымен қатар инвестицияны жеңілдететін қаржылық құралдар жайлы толыққанды мәлімет алдым", – дейді Назархан. 

Журналист бұған дейін бағалы қағаздар жөнінде естігенімен, “қор нарығында сауда жасау өте күрделі әрі арнайы білімді қажет етеді” деп ойлағанын жасырмады. Ал “Инвест-компас” бұл таптаурынды жоққа шығарды, деді ол.

"Курстың онлайн болуы мен үшін өте ыңғайлы, себебі көлікте келе жатып та, үйде бос уақытымда да пайдалы ақпарат ала аламын. Қазір қаржы нарығындағы жаңалықтарды да қалт жібермей оқып отыруға тырысамын. Өйткені инвестор болу үшін өзіме қызық, табысты деген компаниялар жөніндегі соңғы деректерді қалт жібермеу керек деген ой түйдім. Келешекте ақпараттық технологиялар, автоөндірушілер, онлайн сауда-саттыққа қатысы бар компанияларды өз портфеліме қосамын.Алдағы уақытта табысты шетелдік компаниялардан бөлек, қазақстандық кәсіпорындар мен компаниялардың акцияларын сатып алғым келеді. Оның үстіне курс кезінде тест тапсыру арқылы өзіміздің қандай инвестор екенімізді білдік. Мәселен, мен үшін ұзақмерзімді инвестиция тиімдірек екен. Енді курс аясында алған білімді пайдалана отырып, өзіме 7-10 жылға инвестициялық жоспар құрғым келеді. Себебі қазірден бастап инвестиция жасау, бос қаржыны айналымға салу маған зейнет жасын күтпей-ақ зейнетке шығуға мүмкіндік беретініне сенімдімін. Ал қаржы нарығына инвестиция жасау үшін базалық білімнен кейін бізге сенімді брокер керек", – деп сөзін аяқтады қатысушы.

Алдағы уақытта қатысушылар брокер арқылы өздері таңдаған компанияларға инвестиция жасайды. Бұл да қаржылық мақсатына жету жолындағы келесі қадам болмақ.

Ал төмендегі чек-лист арқылы сіз де сенімді брокерді қалай таңдау керегін біле аласыз: 

  • Елдегі нарықты реттеуші органнан (Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі немесе тәуелсіз реттеуші Астана халықаралық қаржы орталығынан (AFSA) берілген лицензия;
  • Қаржылық көрсеткіштері. Бұл бухгалтерлік баланс немесе табыс пен шығын туралы есеп болуы мүмкін. Әдетте, мұндай деректер брокердің сайтында, биржада (KASE, AIX) және Ұлттық банктің сайтында жарияланады;
  • Сауда платформасы. Брокерлік есепшотты онлайн ашып, клиенттің әлемнің кез келген нүктесінде өз бетінше сауда жасай алуы үшін (мысалы, Tradernet);
  • Тариф пен қызметтер пакеті (мәміле үшін, есепшотты ашу, жүргізу, толтыру, ақша шығару және шотты жабу үшін алынатын комиссия). Олар брокердің сайтында қолжетімді болуы керек;
  • Әлемдік биржаларға қол жетімділік (мысалы, Nasdaq, London Stock Exchange, Hong Kong Stock Exchange және т. б.);
  • Халықаралық рейтингтік агенттіктер берген рейтингі (Moody’s Investors Service (Moody’s), Fitch Ratings и Standard & Poor’s (S&P);
  • Брокерлер қызметінің белсенділік көрсеткіші туралы рэнкингін (компания қызметінің сандық (көлемдік) көрсеткіштерін бағалау) KASE-тен көруге болады;
  • Бөлімшелер желісі: Қазақстанның кез келген аймағы мен өзге елдерде брокер кеңсесінің қолжетімділігі;
  • Әр клиентке тағайындалып, кез келген сұрақ бойынша кеңес беретін, инвестициялық портфель дайындауға көмектесетін жеке менеджер;
  • Білім беру. Жеке білім беру орталығының немесе курстарының болуы;
  • Сайты, маңызды ақпараттарды табуға болатын әлеуметтік желідегі ресми парақшасы мен мессенджерлерінің болуы.
Талқылау