Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Интерпол вайнер Әзімжан Саидбаевтың ұсталуына қатысты пікір білдірді

Қазақстан Интерполы елдегі танымал вайнер Әзімжан Саидбаевтың ұсталғаны туралы ақпаратқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

азимжан

Бұған дейін әлеуметтік желілерде Түркияда халықаралық іздеуде жүрген комедиялық актер Әзімжан Саидбаевтың ұсталғаны туралы хабарланған болатын.

"Қаржы пирамидасын ұйымдастырды деген күдікпен іздеуде жүрген Әзімжан Саидбаевтың ұсталғаны туралы шетелдік әріптестерден әзірге ресми ақпарат түскен жоқ", - деді министрлік.

Ол Ислам қоры инвесторларының бірнеше миллиард теңгесін жымқырған Mudarabah capital қаржы пирамидасын ұйымдастырды деген күдікке ілінді. Саидбаев ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелерінің бірі ретінде де айыпталуы мүмкін.

Бұған дейін бұл қылмыс үшін веинерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов айыпталған болатын. Әзімжан Саидбаевқа 11 ақпанда іздеу жарияланды.


Талқылау