"Интернет-жұлдыз ба, әлде чемпион ба": Головкиннің ықтимал қарсыластары талқылануда

Фото: Getty Images Sport
АҚШ-тағы Sports Illustrated басылымы 43 жастағы экс-чемпион Геннадий Головкиннің рингке қайта оралуы мүмкін деген жаңалыққа байланысты бірнеше тосын ұсыныс жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Жақында сұхбат берген GGG қазіргі таңда Қазақстан ҰОК президенті әрі World Boxing ұйымының олимпиадалық комиссиясын басқаратынына қарамастан, Ливерпульде өткен әлем чемпионаты оған бұрынғы сезімді қайта сыйлағанын айтып, былғары қолғабын қайта кию ықтималдығын жоққа шығармады.
Басылым сарапшыларының пікірінше, Головкин үшін бірнеше нұсқа бар. Егер ол орта салмаққа қайта оралса, бұл дивизионда үш чемпионмен айқасу мүмкіндігі туындайды. Тағы бір нұсқа – Джейк Полдың жолын қайталап, интернет жұлдызымен кездесуі немесе ММА-ның бұрынғы жекпе-жек шебері Даррен Тиллмен рингке шығуы.
Материалда айтылғандай, Пакьяоның 46 жасында титул үшін айқасқа шыққанын ескерсек, Головкиннің де осындай шешім қабылдауы ғажап емес.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген

