Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандықтар Google сервисі қызметтеріндегі ақауларға шағымданды

Интернет қолданушылары YouTube пен Google-дің пошта қызметіне қол жеткізуде қиындықтарға тап болды. Donwdetector қызметтерін бақылау кезінде бірнеше минут ішінде YouTube-ке қосыла алмау туралы шағымдардың саны 80 мыңнан, ал Gmail-ге кіре алмағандар саны бірнеше мыңнан асып түсті.

Танымал видео-хостинг YouTube-те пайдаланушыларды бейне контенттің орнына маймыл "қарсы алады".

Экранда: "Ой! Бірдеңе дұрыс емес", - деген жазу пайда болады.

Қазір YouTube-тен бірде-бір бейнені көру мүмкін емес.

Donwdetector қызметінің деректеріне сәйкес, көбінесе Еуропа елдерінің пайдаланушылары YouTube-ке кіре алмай, шағымданған. Әлемнің әр түрлі елдерінен Twitter желісіндегі қиындықтар туралы да шағымдар пайда болды.

Google сайтын жүктеу кезінде экранда мынадай хабарлама шығады:

"Өкінішке қарай, мәселе туындады. Сіз жүгінген қызмет уақытша қол жетімді емес. Оған қол жеткізуді мүмкіндігінше тезірек қалпына келтіру үшін бар күшімізді саламыз. Бірнеше сағаттан кейін әрекетті қайталап көріңіз. Түсінгеніңіз үшін алғыс айтамыз".

Gmail пошта кіруге тырысқанда, ішкі қате туралы хабарлама пайда болады: "Өкінішке қарай, сіздің есептік жазбаңыз уақытша қол жетімді емес. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз". Google Drive-қа кіру әрекеті де сәтсіз аяқталды: "Google Drive басты бетін жүктеу мүмкін болмады".

Сонымен қатар "Google Docs" қызметі де жұмыс істемей тұр: "Қате. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз".

STAN.KZ
Дүйсенбі, 14 Желтоқсан, 2020 18:08
Талқылау