Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Интер" клубының қақпашысы көлігімен адам қағып, зардап шегуші оқиға орнында көз жұмды

Фото:© Mattia Pistoia - Inter / Contributor / FC Internazionale / Gettyimages.ru

"Интер" клубының қақпашысы Хосеп Мартинес көлігімен 81 жастағы ер адамды қағып кетті. Зардап шегуші оқиға орнында қайтыс болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

QuiComo порталының хабарлауынша, апат 28 қазан күні таңғы сағат 09:40 шамасында Фенегро елді мекенінде тіркелген.

Полицияның мәліметіне сәйкес, соққының күші қатты болған. Сонымен қатар марқұмның мүгедектер арбасында отырғаны анықталды. 27 жастағы футболшы дене жарақатын алмағанымен, оқиғадан қатты күйзеліске түскені айтылуда. Қазір полиция тарапы тергеу жүргізіп жатыр. Қайғылы жағдайға байланысты “Интер” клубы бас бапкер Кристиан Кивумен өтетін баспасөз мәслихатын тоқтатты.

Айта кетейік, Хосеп Мартинес – "Интердің" қосалқы қақпашысы. Бұған дейін ол "Лас-Пальмас", "Лейпциг" және "Дженоа" командаларының намысын қорғаған. Испаниялық қақпашы 2024 жылдың жазында "Интерге" 14 миллион еуроға ауысып, биылғы маусымда барлық жарыстарда 12 матч өткізіп, 8 гол жіберіп, 7 ойында қақпасын таза сақтаған.

Айнұр Мұхади
Сәрсенбі, 29 Қазан, 2025 01:02
Талқылау