Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Инсульт алып, екі қолым істемей қалды": Актриса Жұлдызай Дүйсенбиева денсаулығы туралы айтты

Танымал актриса Жұлдызай Дүйсенбиева денсаулығының нашарлап жүргенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Ұйқым келмейді” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Өнер иесінің айтуынша, жүрегі бала күнінен ауырады екен. 

“2023 жылы денсаулықпен сыналдым. Мини инсульт алып қалдым. 40-тан асқасын денсаулық сыр береді екен. Бірақ осы жылы мені өте көп жер түсірілімге шақырды. Ондай кезде ауруға уақыт жоқ. Менің жақсы қасиетім, түсірілім алаңына кірерде үйдегі бүкіл проблеманы тастап кетемін. Жан-тәніммен беріліп ойнап болып, үйге келгенде тастап кеткен мәселелеріммен бетпе-бет келемін. Ауырып жүріп түсірілімге де барып жүрдім. Бала күнімнен жүрегім ауыратын. Инсульт алғанымды білмегенмін, екі қолым жұмыс істемей қалды. Қолымды көтеріп үстелдің үстіне қоямын, көтеріп қалтама саламын. Саусақтарым ештеңе сезбей қалды. Одан кейін, желкеме дәу ісік шықты. Шашыңды кесіп, ота жасаймыз” деді. Бірақ мен келіспедім, өйткені ертең түсірілімім бар. Содан Шымкент қаласынан дәрігер достарым ұшып келіп, жеке емханада барып нейрохирург достарым емдеп, жазып алды. Менің туысқандарымнан бастап, достарыма дейін дәрігер мамандығын иегергендер. Мен ғана өнерде жүрген”, – дейді актриса. 

Сондай-ақ актриса, денсаулығына байланысты екінші сәби көтере алмай жүр. Сол үшін де жолдасына екінші рет шаңырақ көтеруге келісімін бергенін айтты. 

“Мен күйеуіме екінші әйел алуға рұқсат бергенмін. Бірақ осыны естіген біраз қыз-келіншектер мені сөгіп тастады. Өз отбасым үшін ғана жауап беремін. Барлық адамға үндеу тастап жатқан жоқпын. Менің денсаулығым жарамайтын болғандықтан, Өмірсерікке екінші рет үйленіп, ұрпақ сүй деп айтқанмын. Бұйырып жатса, екінші рет ана атанармыз. Мен қалай бар солай өмір сүремін. "Екінші отбасылы болайын, менен ұрпақ қалсын деген көңілінде қаяу болса, айтқысы келсе, ашылып айта беріңіз" дедім.  Алуға мен емес, Алладан рұқсат, Алла рұқсат беріп қойған ер азаматтарға. Мен Алладан ұлық емеспін, рұқсатымды бергенмін. "Ұрпақсыз қалып бара жатырмын" десе, мен өкпелемеймін. Өкпелеуге қақым жоқ. Денсаулығым жарамаса, осындай тағдыр болса, осыған көнуім керек. Кім біледі, Алла шебер ғой. Бермесе, өкпем жоқ. Алла қызыма ғұмыр берсін. Жолдасыма да өкпем жоқ. Екінші отбасын құрамын десе, мархабат. Бірақ ол кісі "қойшы, бір әйел жетеді" деп әзілдейді. Соған қарағанда өзі де екінші әйелді қаламайтын секілді”, – деп әзілдеді актриса. 

Еске салайық, Жұлдызай алғаш рет “Шаншар” театрының концертіне барғанын жазған болатынбыз. 

Талқылау