Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Инстаграмдағы жазба үшін Қостанай тұрғыны ұсталды

Қала тұрғындары ауадан жаппай уланғаны туралы жазба үшін Қостанай тұрғыны ұсталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Астана" арнасына сілтеме жасап.

44 жастағы әйел түнде ұшақтар қалаға өкпеге қонатын қышқыл қоспасын шашыратқанын көргенін айтып жазба қалдырады. 

Бұл туралы полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлемдеді. Жалған ақпарат таратқан келіншекті ауыр жаза күтіп тұр.


"Пандемияға байланысты жалған ақпарат тарату фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Осы бап бойынша блогерге 1000 АЕК-ке дейін айыппұл салынуы мүмкін, бұл екі жарым миллион теңгеден астам немесе бір жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы күтіп тұр", - дейді жергілікті полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Естеріңізге сала кетейік, Атыраудағы қара түтін шашып жүрген ұшақ туралы жергілікті әуежай басшысы айтып берген болатын. 

STAN.KZ
Сенбі, 25 Шілде, 2020 11:32
Талқылау