Инфекциялық ауруханалардың құрылысы 3-4 аптада бітпек - Біртанов
Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Нұр-Сұлтанда, Алматы мен Шымкентте 3-4 аптада жұқпалы аурулар ауруханасын салып бітіру жоспарланғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Инфекциялық ауруханалардың ғимараты мен модульдік кешендерде әр қалада әртүрлі болады. Бұл аймақтардың климаттық жағдайына байланысты. Қазір құрылыс ұйымдары мен инженерлер бірігіп осы салада жұмыс жасады. Үш-төрт аптада олардың құрылысы бітеді деп ойлаймыз", - деді Біртанов.
Министр инфекциялық ауруханалардың салынуына елдегі науқастардың көбеюі әсер еткендігін алға тартты.
Талқылау