InDrive сервисі Қазақстандағы еншілес компанияның басқаруына өтті: Енді салық ел бюджетіне құйылады
Жолаушылар мен жүк тасымалына арналған InDrive сервисі Ресейдегі бизнесін Қазақстандағы Индэлс құрылымына берді деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Finance Telegram-арнасының мәліметінше компания әрі қарай қала аралық және халықаралық тасымалмен шұғылданады.
"Релокация қарсыластарына шах және мат! 2022 жылдың желтоқсанында құрылған Индэлс компаниясы 2023 жылы 3,3 миллион теңге салық төлеген. Бір қызығы, дәл осы ғимаратта тағы он шақты компания тіркеліпті. Мысалы, "Вкусный лес" пен SAP Group", – делінген жазбада.
Жазба авторлары бизнестің Қазақстанға ауысуы ел экономикасының өсуіне әсер ететінін айтады. Нарықта бәсеке туындайды, оның үстіне бұл компанияға батыс елдерінің санкциясы салынбаған.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті бір киіз үйді 13,5 миллион теңгеге сатып алған
Алайда дәл осы кезеңде Қазақстанның басқа өңірлерінде киіз үйлер әлдеқайда төмен бағамен сатып алынып жатыр
"Сап-сау баламды мүгедек қылып алдым": Қазақстандық әйелдің көзінше баласы азелит ішіп, өңешін күйдіріп алған
Бүгінде баланың асқазанына гастростома қойылған, өздігінен тамақтана алмай қалғанда ас тікелей асқазанға стома арқылы енгізіледі