Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Индонезияда мектеп құлап, 59 адам қирандылар астында қалды

Индонезияда мектеп құлап, 59 адам қирандылар астында қалды\

Фото: Indonesia's National Search and Rescue Agency

Бейсенбі күні Индонезияның Төтенше жағдайлардың салдарын жою агенттігі құтқарушылар жылу дрондарын қолданса да, үйінді астында қалған тірі адамдарды таппады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі ВВС-ге сілтеме жасап хабарлайды. 

59 адам үйінді астында қалып, іс-түссіз жоғалғандардың тізімінде.

“Кеше кешке адамдардың даусын есту үшін аумақты тазарттық. Құрылғылардың көмегімен тірі қалған адамның даусын естиміз деп үміттендік”, – деді BNBP басшысы генерал-лейтенант Сухарьянто.

Айтуынша, құтқарушылар бетон плиталарды жылжыту үшін ауыр техниканы қолданды. Бұл қирандыларды крандармен көтереді немесе ұсақ бөліктерге кесіледі.

Құтқарушылар бұл іс шаралар ғимараттың әрі қарай қирайды қауіптеніп, тірі қалғандардың өміріне қауіп төндіреміз деп қорыққан.  

Еске салайық, 29 қыркүйекте Сидоарджо қаласындағы екі қабатты медресе ғимараты құлаған сәтте ішінде жүздеген оқушы болған, олардың басым бөлігі жасөспірімдер. Соңғы деректерге сәйкес, кемінде бес оқушы қаза тауып, шамамен 100-ге жуық адам жарақат алған.

Құтқару жұмыстары ғимараттың тұрақсыздығына байланысты қиындап отыр. Ғимарат құрылыс кезінде құлаған, ол кезде екі қосымша қабат салынған еді. Кейін BNBP өкілдері ғимараттың іргетасы әлсіз болғандықтан, мұндай салмаққа шыдамағанын мәлімдеді.

Алайда Сидоарджо қаласының билігі мектеп басшылығы ғимаратқа қосымша қабаттар салуға рұқсат алмағанын хабарлады.

Айым Болатқызы
Жұма, 03 Қазан, 2025 09:39
Талқылау