Индонезияда бұлттың жерге құлап түскен сәті видеоға түсіп қалды
Фото: Видеодан скрин
Әлеуметтік желіде Индонезияда бұлттың жерге құлап түскен сәті видеоға түсіп, қызу талқыға түсті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Индонезияда бұлт жерге құлап түсті. Бұл – сирек кездесетін табиғи құбылыс, оны бейнежазбаға түсіру оңай емес. Алайда бұл жолы ерекше оқиға көрші зауыттан шыққан қалдықтардың әсерінен болды.
Видеода қалың, қою, ақшыл сұр бұлт жерге өте жақын орналасқан. Бұлттың пішіні бір үлкен масса секілді көрініп, баяу жылжып бара жатыр. Сонымен қатар жұмысшылардың құлаған бұлтқа қарай жүгіріп бара жатқанын байқауға болады.
Мамандардың айтуынша, бұлт құрамында көп конденсат жиналған. Соның салдарынан ол өте ауыр болып, ауада қалқып тұра алмай, жерге түсіп кеткен. Бұл жағдай ауадағы ылғалдылық пен өндірістік шығарындылардың үйлесімінен туындауы мүмкін.
Астана аспанында белгісіз нысан ұшып өтті (видео)
Еске салайық, 2024 жылдың маусымында Алматы облысының тұрғындары аспаннан ерекше жарықтарды байқаған еді. Ал цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі бұл құбылысты Жер атмосферасына түскен кезде құлаған спутниктің фрагменттерінің жануы деп түсіндірді.

Екі қыз анасыз қалды: Атырауда ер адам әйелін ұрып өлтірді деген күдікке ілінді
