Индира Елемес: Бейнебаяндағы киімдерімнің барлығын жолдасым таңдайды
Индира Елемес 2017 жылы бес бірдей бейнебаян түсірмек. Оның екеуінде дуэт орындалса, қалған үш әнді өзі жеке орындайды. Ол өзінің көптеген әнін жолдасына арнайтынын айтып жатыр. Ал жолдасы өз кезегінде оның киімі мен бейнебаяндағы қимыл-қозғалыстарын өзі ойластырып отырады екен.
Фото: instagram.com/indiraelemes/
Бұл туралы “Таңшолпан” бағдарламасында айтылды.
– Индира ханым, шығармашылығыңызда қандай жаңалықтар болып жатыр?
– Тыңдармандарыма “Үнсіз қалма” атты жаңа әнімді ұсынғалы отырмын. Туындының әнін сазгер Ғазизхан Шекербеков жазған. Осы уақытқа дейін “Таңшолпан” бағдарламасында бірнеше әнім мен бейнебаянымның тұсауы кесілген болатын. Бұдан өзге күні кеше “Тұмарым” деген әнге бейнебаян түсірілді. Алдағы уақытта тағы да үш бейнебаян түсіруді жоспарлап отырмын. Репертуарымда патриоттық әндер аз болған соң, “Қазағым” деген әнді таңдауды жөн көрдім.
– Сазгерлер мен ақындарға қандай талап қоясыз? Кімдермен жұмыс істеген ұнайды?
– Негізінен Ғазизхан Шекербековпен көп жұмыс жасадым. Өзі жас болса да, өте дарынды, мықты. Ал қазір Бауыржан Бимаханмен жұмыс жасап жатырмын. Жіберген әндерінің барлығы ұнап жатыр.
– Ауылдың, танымалдылыққа еш қатысы жоқ ақыны немесе сазгері сізге өз әнін ұсынса, орындайсыз ба?
– Міндетті түрде келісемін. Алдында Әйгерім Сырлыбаева есімді аса танымал емес сазгерден “Уақыт пен тәңір” деген әнді алған болатынмын. Әні көңілімнен шықты. Жас сазгерлердің танылуына мүмкіндігінше көмектесемін.
– Жастарға ой салатын әндер жазу жоспарыңызда бар ма?
– Ой салатын “Уақыт пен тәңір” деген жақсы ән жазылды. Ол уақыттың қадірін білу мақсатында жазылды. “Ризамын тағдыр” деген де жақсы әнім бар. Бірақ көбінесе өз әндерімді жолдасыма арнаймын. Тақырыпты, бейнебаянның сценарийін жолдасым таңдайды. Менің қандай киім киіп, қандай қимылдар жасайтынымды да сол кісі шешеді. Мен тек әнге араласамын. Екеуіміз ақылдасып отырамыз.
– Әлеуметтік парақшаңызды қарағанымызда, қыздардың сізге еліктегісі келетінін байқадық. “Индира әпке, сіз бізге ұнайсыз. Киімдеріңізге қызығамын” деген секілді жазып жатады. Сол жанкүйерлеріңізге арнап киім шығару деген секілді бизнес идеялар бар ма?
– Әзірге мұндай идея жоқ. Бұл туралы ойланып көрмеппін. Бәлкім, болашақта шығарып қалармын.
Жіберіп алмаңыз:
Бүркіт тау бөктерінде Айшаға деген сезімін білдірді (фото)
Димаш жетінші кезеңде қазақша ән орындайды
Ғаламда жоқ дауыс: Әртүрлі ел өкілдері Димаш жайлы не дейді?
Айқын Дубайда әйгілі “Иванушки” тобымен бірге ән салды (видео)