Иммунолог тұмауды асқындырмаудың тәсілін айтып берді
Ресейлік қауіпті инфекциялар жөніндегі маман, иммунолог, медицина ғылымдарының докторы Владислав Жемчугов тұмау мен ЖРВИ-дің бастапқы белгілері бар адам асқынуларды болдырмау үшін қандай тәсіл қолдану керектігін айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі URA.RU порталына сілтеме жасап.
Маманның сөзінше, суық тигізген адам ең алдымен қабынуға қарсы препараттарды қабылдауы керек.
"Тұмаудан бастап Эболаға дейінгі вирустық инфекциялардың барлығында аурудың дамуы бірінші күнгі күтімге байланысты болады. Суықтың алғашқы белгілерінде (бас ауруы, қалтырау, қызба) дереу қабынуға қарсы препараттарды қабылдау керек. Бұл аспирин, анальгин, пенталгин сияқты дәрмектер. Алайда парацетамол емес. Себебі ол инфекцияға ең ауыр және сәтсіз әсер береді", - деді Владислав Жемчугов.
Маман қабынуға қарсы препараттармен емдеу аурудың ұзақтығын қысқартатынын алға тартты.
"Бұл температураны түсіруге емес, қабынуға қарсы шұғыл көмек ем. Дене қызуының көтерілуі қабынудың белсенділігін, вирустық белсенділікті көрсетеді. Егер ол бірінші күні болмаса, онда ауру кезеңін де күрт қысқартып, асқынудан аулақ бола аламыз.Бұл аурудың тез қабынуына қарсы алғашқы көмек", - деп қосты ол.

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
