Иммунолог: "Омикронды" тасымалдаушы бір түшкіргенде вирусты жүздеген адамға жұқтыруы мүмкін
Иммунолог Владимир Болибок "омикрон" штамының адамшошырлық қасиетін атады. Маманның айтуынша, тасымалдаушы бір түшкіргенде вирусты жүздеген адамға жұқтыруы мүмкін. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Lenta.ru-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Болибоктың пайымынша, вирусты жұқтырған адаммен сөйлесу, оның есінеуі, тіпті, дем алуы жұқтыруға себеп болуы мүмкін.
Сондай-ақ, иммунолог вирустың балалар үшін аса қауіпті екенін атап өтті.
"Олар белсенді түрде ауырады. Ауруханаға ауыр халде түсетіндердің саны күрт артады. Қазіргі басты мақсат - балалар өлімінің артуына жол бермеу", - деді маман.
Бұған дейін қазақстандық инфекционист дәрігер Динагүл Баешева балалардың вирусты қиын өткеретінін айтқан еді.
Сондай-ақ, өткен тәулікте Қазақстанда эпидемиологиялық ахуалдың күрт нашарлағаны анықталды. Бір тәулікте коронавирусты жұқтырғандар саны 9 мыңнан асып жығылған.