Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Имидждік атақ мәселесі бар": Бас прокуратура шетелде мүлкі бар шенділер туралы ақпараттың не үшін жарияланбайтынын айтты

Мәжіліс кулуарында Бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев қазақстандық шенеуніктердің Дубайдағы мүлкі жөніндегі журналистер зерттеуіне қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Stan.kz

Ғалымжан Қойгелдиевтің сөзінше, бірнеше факторларға байланысты шетке шығарылған мүлік туралы ақпаратты жария ету мүмкін болмайды. 

“Шетке заңсыз шығарылған активтерді қайтару бойынша жұмыстар атқарылып жатыр. Ғылыми конференция жүргізіліп, соның нәтижесіне сәйкес деректерді ұсынамыз. Жұмыс жүріп жатыр. премьер-министрдің басқаруымен комиссия құрылды, бірыңғай тізім бар. Тізім аясындағы барлық ақпарат жария етілмейді, белгілі адамдар тобы ғана көре алады. Түсініңіздер, бәрін жария ете алмаймыз. Себебі мұнда имидждік атақ мәселесі секілді кедергі келтіретін факторлар өте көп”, – дейді Қойгелдиев. 

Бас прокурордың орынбасары кей істердің Біріккен Араб Әмірлігі билігімен бірге тергеліп жатқанын айтады. Ал ақша жымқырып шетелге қашып кеткендер үнемі іздеуде болады дейді. 

“Ақша жымқырып, миллиондаған қаржымен шетелде жасырынғысы келетіндер үнемі іздеуде болады. Назардан тыс қалмайды. Ал кей істерді тергеу үшін жылдар қажет болады және біз қанша ұзақ болса да, тергеуге дайынбыз”, – деп қосты ол.

Талқылау