Иманбек әлемдік турнеге шығатынын хабарлады
Қазақстандық диджей, "грэмми" сыйлығының иегері Imanbek (Иманбек Зейкенов) әлемдік турнеге шықпақ. Диджей Rahmet world tour турнесінің анонсын жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Концерттер АҚШ, Бразилия мен Еуропа қалаларында өтеді деп жоспарлануда. Турне 8 сәуірде Нью-Йорктен басталып, 25 қыркүйекте Берлинде аяқталады.
"Rahmet tour-дың анонсы шықты. Күндерін қарап жүріңіздер", - деп жазды Imanbek желіде.
Бұған дейін Imanbek 20 мамырда Колорадода өтетін концертінің анонсын жариялады. Temple Denver алаңында өтетін концертке сатылған әр билеттен 1 доллардан музыканы ұнататындар қауымдастағына арналған қайырымдылық жобасына жұмсалады.
Талқылау

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
Пластик орнына бір рет қана қолданылатын қағаз салфетка беру логикаға сыймайды дейді олар

"Ет, құрт, қазы, музыкалық аспап алып кіре алмайды": Қазақстандықтар ұшаққа отырарда нені ескеруі тиіс
Әуежайда затыңызды өткізбей тастамас үшін мынадай ережелерді білген жөн