Илья Ильин спорттық жарыстарға қайтадан қатыса алатын болды
Халықаралық ауыр атлетика федерациясы белгілі қазақстандық спортшы Илья Ильинді екі жылға спорттық жарыстардан шеттеткен еді.
Бұл туралы Sports.kz хабарлайды.
Спортшыны спорттық жарыстардан шеттету мерзімі 2016 жылдың 10 маусымында басталған. Ендігі жеті айдан кейін Илья Ильин спорттық жарыстарға қайта қатыса алады.
Айта кетсек, тағы бір ауыр атлет Зульфия Чиншанло да спорттық жарыстардан шеттетілген еді. Чиншанлоның да дисквалификация мерзімі соңына таяп қалды.
Оқи отырыңыз:
Қазақстандық боксшы Әли Ахмедов оныншы мәрте жеңіске жетті
«Самұрық-Қазына» «Астана» ФК алдындағы қарызын өтейтін болды
Талқылау