Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Илья Ильин ауруханаға түсіп қалды

Ауыр атлетика бойынша төрт дүркін әлем чемпионы Илья Ильин ауруханаға түсіп қалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Илья Ильин

Илья Ильиннің сөзіне қарағанда, ол алты күннен бері ауруханада жатыр екен.

"Мен қаламасам да ауруханаға түстім ...
Мен бұл бейнені жүктегім келмеді, бірақ өзім жөнінде, кәзіргі қал жағдайымды жазғаным дұрыс деп шештім.

Қазір бәрі ойдағыдай.
Бейнеде бәрін қысқаша айттым.
Біздің дәрігерлерімізге көп рақмет!
Қазір сіздерге өте қиын кезеңнің туып отырғанын бәріміз жақсы түсінеміз!
Сіздерге кәзір бүкіл Қазақстан халқы үмітпен қарап отыр!

Достар, өзіңізге және жақындарыңызға қамқор болыңыз!", - деп жазды Instagram-дағы парақшасында Илья Ильин.

 

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

A post shared by Илья Ильин (@ilyailyinforever) on

Ол, сондай-ақ видеода өзінің палатасын көрсетті және жаттығулар жасады.

Бұған дейін Илья Ильин спорттық мансабын аяқтап,  Қызылордадағы "Мұз. айдыны" кешенінің директоры қызметіне тағайындалғаны хабарланды. Сонымен қатар, ол алдағы оқу жылынан бастап Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде оқытушы болып жұмыс істейді.

 

Талқылау