Илон Маск жаңа саяси партия құрмақ
Фото: X әлеуметтік желісі
Илон Маск X әлеуметтік желісінде еркіндікті қолдайтын жаңа партияны құратынын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Оның пікірінше, Америка партиясы америкалықтарға еркіндіктерін қайтарып береді.
"Сіздер жаңа саяси партияның болғанын қаласаңыздар, ол пайда болады! Еліміз ысыраппен және парақорлықтан банкротқа ұшырап, демократиялық емес, бірпартиялық жүйеде өмір сүріп жатырмыз. Америка партиясы сізге еркіндігіңізді қайтару үшін құрылды", – деп жазды Маск.
Маск Америка партиясы үстемдік орнатуға ұмтылмайтынын, бірақ Сенатта екі-үш орынға, ал Өкілдер палатасында 8-10 орынға лайын екенін айтты.
By a factor of 2 to 1, you want a new political party and you shall have it!
— Elon Musk (@elonmusk) July 5, 2025
When it comes to bankrupting our country with waste & graft, we live in a one-party system, not a democracy.
Today, the America Party is formed to give you back your freedom. https://t.co/9K8AD04QQN
Трамп пен Маск арасындағы кикілжіңге "Үлкен әдемі заң жобасы" деп аталатын заң жобасы себеп болды. Бір күн бұрын миллиардер оның соңғы нұсқасын сынап, бұл құжат АҚШ-тағы миллиондаған жұмыс орындарын жойып жіберуі мүмкін екенін айтты. Маск заң жобасы ұлттық қарызды бес триллион долларға көтереді деп есептейді.
Еске салсақ, Илон Маск Трамптың заң жобасын сынағаннан кейін отставкаға кеткен еді. АҚШ сенаты Масктың сынына қарамай, бұл заң жобасын мақұлдады.

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
