Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Илон Маск Қазақстанға сәлем жолдады

Tesla және SpaceX компанияларының басшысы америкалық миллиардер Илон Маск Қазақстанға сәлем жолдады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Видео бизнесмен, блогер Бейбіт Әлібековтің Telegram-арнасында жарияланды.

Илон Маск не осы жылдың соңында, не келесі жылы Қазақстанда Tesla Motors сервисі ашылатынын хабарлады.

 

"АҚШ-тағы тілшіміз Әнуарбек Иманбаев (Tesla-ның энтузиасті) бізге Tesla Plaid презентациясынан видео жіберді. Илон Маск оған Tesla Motors сервисі Қазақстанда осы жылдың соңында немесе келесі жылы пайда болады деп жауап берді", – деп жазды Бейбіт Әлібеков.


 

Гүлдана Қазтай
Жұма, 11 Маусым, 2021 14:43
Талқылау