Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Иісі шығып жатыр": Жамбыл облысында науқас ауруханада мәйіт қараусыз қалғанын айтып шағымданған

Жамбыл облысында аудандық аурухананың бас дәрігері өкпесі қабынып, ем алып жатқан науқасты сотқа бермекші. Ем қабылдаушы әлеуметтік желіге бейнежазба жүктеп онда «көрші палатада бір адам көз жұмғаны және тәулік бойы ешқандай маманның қарамағаны айтып шағымданған. Сондай-ақ, үлкен дау тудырған жазбада ем алушыларға ешқандай жағдай жасалмағандығы да сөз болған. Ал мекеме басшылығы бұл ақпарат шындыққа жанаспайтығын айтады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Информбюроға сілтеме жасап.

Байзақ аудандық ауруханасында түсіріп таратқан видеожазбасында бір тәулік бұрын қайтыс болған марқұммен бірге жатырмыз деп шығымданған. Ел президентіне үндеу жасаған. 

Видеода "Мына әйелдің өлгеніне бір тәулік болады, иісі шығып жатыр. Сұмдық қой мынау. Қайда қарап жатыр?", - дейді автор.



Айтуынша, дәрігерлер тиісті ем-домдарын жасамайды. Жағдайларын біліп, тексеріп жүрген бір де бір ақ халатты жоқ екен. 

"Ауырып, пневмониямен бірнеше адам бір бөлмеде жүр. Медбиелердің келуі өте қиын", - дейді ол видеодасында. 

Ауруханада кісі өлімін растаған. Емдеу мекемесі бір апта бұрын провизорлық стационар болып өзгерген. Содан бері 130 науқас түсіпті. Мәйіттердің сағаттап қалып қоюын ауданда мәйітхана жоқтығымен байланыстырған. Сондай-ақ, денесі күні бойы ауруханада жатқан науқастың туыстары жер дайындап алуға рұқсат сұрады, дейді аурухана басшылығы.

"Туыстарына берілгенімен, туыстары оны (мәйітті-авт.) жерлемейді, біз барып жерлеп береміз", - дейді Байзақ ауданық ауруханасының бас дәрігерінің орынбасары Мырзағали Мадимаров.

Бас дәрігер жерлеу кезінде барлық санитарлық нормалар сақталатынын айтады. Айтуынша, дау тудырған видеоны түсірген науқасқа түсіндірілу жұмыстары жүргізілген. Қазір шағымданушы тиісті емін қабылдап жатыр екен.

Талқылау