AAPL
146.06 $
-1.83 %
TSLA
759.49 $
0.33 %
NDAQ
192.9 $
-1.29 %
GOOGL
2816 $
-1.96 %
FB
364.72 $
-2.24 %
FRHC
61.53 $
1.1 %
AAPL
146.06 $
-1.83 %
TSLA
759.49 $
0.33 %
NDAQ
192.9 $
-1.29 %
GOOGL
2816 $
-1.96 %
FB
364.72 $
-2.24 %
FRHC
61.53 $
1.1 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ІІМ Жамбылдағы жарылыс кезіндегі тонау фактісін жоққа шығарды

Жамбыл облысындағы әскери қоймадағы жарылыстардан кейін тұрғындар қалдырған нысандарды тонау фактісіне қатысты шағымға ІІМ түсініктеме берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Зардап шеккен тұрғынның бірі Жанна Назарбекова. Ол 27 тамызда "Тау Дос" кешені әскери бөлімнен 500 метр қашықтықта орналасқандықтан, қатты жарылыстың түбінде қалғанын айтады. Мекеменің терезелері сынған, төбесі құлаған, жиһаз бен ыдыс-аяқ сынған. Бұл уақытта кешен иелері болмаған, ал даяшылар жарылыстардан қорқып, көрші ауылға қашып кеткен.

Назарбекованың айтуынша, жағдайды пайдаланған ұрылар ғимараттан бағалы заттар азық-түлікті алып кеткен.

"Тонау түнде басталды, барлық тоңазытқыштарды бос қалдырған, ақшаны да алып кеткен. Дүкенде, кафеде күндізгі уақытта түскен, шамамен миллион теңгедей қаражат болған. Қызметкерлердің жеке заттары да жоғалып кеткен", – дейді ол.


15 миллион теңге беріледі: Жамбыл облысындағы жарылыста мерт болғандарға қандай көмек ұсынылады 


Сондай-ақ кешеннің иесі таңертең әскери формадағы жас жігітті кездестіргенін, оның сөмкесінде бардан алынған қымбат алкоголь өнімдерін ұстап жүргенін көрген.

ІІМ тонау фактісін жоққа шығарып отыр.

"Оқиға орнына бару және көрсетілген фактіні тексеру кезінде 26 тамызда әскери бөлім аумағында болған жарылыстар кезінде кешенде барлық терезелер мен кейбір есіктер зақымдалғаны анықталды. Осыдан кейін иесі кешенді күзетшіге қалдырып, кассадан қаражатын алмай үйіне кетіп қалған. 27 тамызда күндіз Байзақ ауданында ауа райы нашарлап, 5-10 метр ғана көрінетін қатты шаңды дауыл болды. Осы кезде аталған кешеннің жанында көшеде болған адамдар ғимаратқа кіре бастаған, онда күзетші өз келісімін беріп, адамдарды көшеден кешенге кіргізген. Шаңды дауыл басылғаннан кейін азаматтар ғимараттан шықты.

Кешке кешеннің иесі 550 мың теңгеге жуық ақшаның жоғалғанын анықтады, ол нақты соманы білмейді. Қазіргі уақытта тонау фактісі орын алмағаны анықталды", – дейді ІІМ хабарламасында.

Аталған факті бойынша қылмыстық кодекстің 188-бабы, 1-бөлігі "ұрлық" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр