Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ІІМ: Түркістан облысында қару ұрлаған әскердің басқаларына зияны тимеді

ҚР ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев 2скери бөлімнен ұрланған қарумен ешкімге ешқандай залал келтірілмегенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 


«Келісімшартпен қызмет етіп жүрген ол әскери бөлімнен рұқсатсыз шығып, қару-жарақты алып қашып кеткен. Олар - атыс қаруына жататын автоматтар мен тапаншалар. Қазіргі уақытта күдікті ұсталды. Сәйкесінше, бүгінде аталған қаруды алуға қатысты тергеу іс-қимылдары жүргізілуде», - деді Тұрғымбаев.

Министр алдағы уақытта тергеу шаралары біткен соң, бұған қоса әскерге сыбайласт болғандар анықталғаннан кейін және қарудың жасырынған жері анықталып барып толық ақпарат жарияланады екен.

«Бүгін тергеу амалдары жүргізілуіне байланысты және тергеу мүддесіне орай бұл ақпаратты толықтай жариялауға болмайды. Ертең толық ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдарына жария етемін. Аталған қарудан ешкімге ешқандай залал келтірілмегенін айта аламын», - деді Е. Тұрғымбаев.

Еске салайық, бұған дейін 20 ақпан күні Шымкенттегі әскери бөлімнен қару асынған жауынгердің қашып кеткендігі жайлы айтылды. 30 қару ұрлап қашқан әскер артынша қолға түсіпті.  

 

Талқылау