Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Теңіздегілер жұмысқа кірісті": ІІМ Атырауда болған көтеріліске қатысты түсініктеме берді

ІІМ «Теңіз» кен орнында болған шиеленіске қатысты түсініктеме берді. Айтуларынша, қазір жағдай тұрақты, жұмысшылар өз ісіне кірісті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Атыраудағы көтеріліс

«Атырау полиция департаменті «Теңізде» болған жағдайға байланысты сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. Ішкі істер органдары қызметкерлері осы көтеріліске қатысқандармен түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Қазіргі сәтте шиеленіс тоқтады. Ішкі істер министрлігі сенімді емес ақпарат таратудан сақтануға шақырды», - деді ІІМ-дегілер. 

Естеріңізге сала кетсек, осы уақытқа дейін Атырауда мұнайшылардың көтеріліске шыққаны туралы хабарлаған едік. Аталған көтеріліс шетелдік азаматтың қазақ қызымен бірге түскен суретін WhatsApp желісіне қоюмен байланысты туындаған. Кейін 30 адамның дәрігер көмегіне жүгінгені белгілі болды. 

Талқылау