Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ІІМ: Оқулықта интимді сурет бар деп жалған ақпарат таратқан адам ұсталды

Оқулықта интимді сурет бар деп жалған ақпарат таратқан адам ұсталды. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігі Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Садубаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Астана қалалық ішкі істер департаменті сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне ҚР ҚК 274 бабы 3 тармағы (қасақана жалған ақпарат тарату) бойынша ҚР Білім және ғылым министрлігінің  интимдік суреттері бар оқулықтар деп әлеуметтік желіде қасақана таратылған жалған факті бойынша арызы тіркелді. Қазіргі уақытта кешенді тергеу іс-қимылдары және жедел іздеу шараларының нәтижесінде аталған қылмысты жасауға қатысы бар тұлға анықталды.

Іс бойынша қажетті сараптамалар тағайындалды, орын алған жағдайды толық, жан-жақты және объективті зерттеуге бағытталған басқа да тергеу амалдары жүргізілуде. Нәтижесі бойынша процессуалды шешім қабылданатын болады», – деді Алмас Садубаев.

Бұған дейін Білім министрі оқулықтағы жалған ақпаратқа қатысты полицияға шағым түсіруге мәжбүр екенін айтқан болатын.

Тағы да оқыңыз:

Полицей жүргізушіні қарумен қорқытып тоқтатты (видео)

Қажымұқанның жапон палуаны Саракикидің мойнын үзген видеосы табылды (видео)

Бүгіннен бастап 2006 жылғы қағаз ақшалар айналымнан шықты

Елімізде «адасқандар» арасында бокстан, күрестен чемпион болған жігіттер жүр

Талқылау