Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ішкі істер министрі ШҚО полицейінің видеоүндеуін бақылауға алды

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев ШҚО-ның полиция қызметкерінің видеоүндеуін бақылауға алды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.  

полицей

"Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев облысқа жеке қауіпсіздік департаментінің қызметкерлерін жіберді. Олар қызметтік тексеру жүргізіп, оқиғаның мән-жайын анықтап, полиция бөлімі басшыларының іс-әрекеттеріне баға беруі тиіс", - деп хабарлады ІІМ-де.

Әлеуметтік желілерде бірден бірнеше паблик ШҚО Жарма ауданының полиция қызметкері түсірген видеоүндеуді жариялады. Айтуынша, ол бастықтың бұйрығымен тұтқындалған азаматты босатуға мәжбүр болған.

"Шарасыздықтан видеоүндеу жазып отырмын. Не болғанын өзім түсінер алар емеспін. Мен 2013 жылдан беру тергеу изоляторында қызмет атқарамын. Осы жылдың 27 шілдесінде әдеттегідей жұмыстағы кезекшілігіме кіріскенімде, маған бастық хабарлассын деп айтқанын естідім. Ол маған  сот шешімімен 15 күнге қамалған 1970 жылғы азаматты босатуды бұйырды. Әлгі азамат мас күйінде көлік айдағаны үшін жазаланған болатын", - дейді полицей. 

Оның айтуынша, оған қамауға алынған ер адамның жерлеу рәсіміне көрші ауылға баруы керек екенін түсіндірген. 

Полицей бастығына бағынудан бас тартқан. Осыдан кейін бастығы оны балағаттап, қоқан-лоққы көрсете бастаған. Ол бұның бәрін диктофонға жазып алған.

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

A post shared by Almaty/Astana🇰🇿 (@megapolis.kz) on

STAN.KZ
Дүйсенбі, 12 Қазан, 2020 06:37
Талқылау