Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Иығына үтік басып, орындықпен ұрған": Шымкентте бір топ жігіт досын гейлер тобына қосылғаны үшін азаптаған

Төрт жігіт досын "Гей Шымкент" тобына қосылғаны үшін ыстық үтікпен азаптаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Метро” Telegram-арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: pinterest

Метро Telegram-арнасының мәліметінше, төрт жігіт досының аталған топтың мүшесі екенін білгеннен кейін, оған аяусыз әрекет жасаған.

"Шымкентте бір топ жігіт досының "Гей Шымкент" тобының мүшесі екенін біліп, оны шақырып, аяусыз азаптаған. Олар пәтер жалдап, "досын" сол жерге шақырып, иығына ыстық үтікті басқан. Сондай-ақ қолын, аяғын орындықпен және басқа да заттармен ұрып-соғып, азаптаған.  Қорқытып, “педофилия жасадым” деген сөзді айтқызып, видеоға түсіріп, 500 мың теңге бопсалаған", – делінген материалда.



Жәбірленуші қажетті соманы төлеуге уәде берген. Босап шыққан соң полицияға хабарлаған.

"Нәтижесінде сот айыпталушының бұрынғы соттылығын ескере отырып, ең белсенді екі қатысушыны төрт жарым және үш жарым жылға бас бостандығынан айырды. Қалған екі сыбайлас үш жыл мерзімге пробациялық бақылауға алынды", – делінген сот хабарламасында. 

Айта кетейік, бұған дейін  Шымкентте кәмелетке толмаған қыздарды жезөкшелікке тартып, екі қызға ыстық үтік басқандар сотталған еді. 

Талқылау