Ибрагимова мен Әбікеева әлем чемпионатында келесі кезеңге өтті
Фото: KBF media
Ливерпульде өтіп жатқан World Boxing ұйымының тарихтағы алғашқы әлем чемпионатының екінші күні Қазақстан боксшылары жанкүйерлерін қуантты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
5 қыркүйекте өткен күндізгі сессияда екі қазақстандық спортшы рингке шықты. Алдымен 57 келі салмақта Карина Ибрагимова Грекия өкілі Панайота Кузилумен кездесіп, айқын басымдықпен жеңіске жетті. Қазылар бірауыздан қазақстандық боксшының пайдасына шешім шығарды — 5:0. Осылайша Карина 1/8 финалға жолдама алды.
Келесі жекпе-жекте 65 келіге дейінгі салмақта Аида Әбікеева бақ сынады. Венгрия боксшысы Луца Хамориге қарсы өткен кездесуде алғашқы раундты қарсыласына беріп қойғанымен, қалған кезеңдерде басымдықты өз қолына алып, сенімді жеңіске жетті — 5:0.
Айта кетейік, әлем чемпионаты 4 қыркүйекте басталып, 14-іне дейін жалғасады. Жарысқа 60-тан астам елдің өкілдері қатысуда.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген

