Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ибицада студент қыздың асқазанындағы есірткі қорапшалары жарылып кетті

Британияда 18 жастағы Бекки Брок есімді студент қыз Ибицадағы қонақүйлердің бірінен өлі күйінде табылды.

2017090621240342917_xw_1448776

Бұл туралы Metro хабарлайды.

Тергеу дерегі бойынша Броктың асқазанында жеңіл есірткінің бес қорапшасы болған. Ол есірткіні шамадан тыс көп тұтынғандықтан көз жұмған болуы мүмкін.

Қыздың анасы Маргарита Брок та қызының бұрын кокаин қабылдағанын білетінін айтыпты.

“Ол достарымен бірге кокаин қабылдайтын. Бірақ, содан соң Бекки оның әсері өзіне ұнамағанын айтты”, – дейді әйел. Сондай-ақ, әйел біреулердің қинап оған есірткінің бес қорапшасын жұтқызуы мүмкін екенін де айтып отыр.

“Менің қызым ешқашан өзіне ұнамайтын нәрсені қабылдамайды. Полицейлер оның асқазанында есірткі қорапшалары жарылып кеткен дейді. Мен соншалықты дүниені жұтып қойды дегенге сенбеймін”, – дейді анасы.

Оқи отырыңыз:

Шешенстан елі Мьянма мұсылмандарын қорғау мақсатында жаппай шеруге шықты (видео)

70 жастағы зейнеткер Атлант мұхитын қайықпен үшінші рет жүзіп өтті

“Әке, мені өлтірші!” деп әлемге айғай салған бала қажылығын өтеді (видео)

Үндістанда піл өзімен селфи жасамақ болған адамды таптап кетті (видео)

Талқылау