Яна Легкодимованы өлтіргендерді тасымалдау үшін Ұлттық ұланның арнайы күзеті тағайындалады

Яна Легкодимованың өліміне кінәлі деп танылған Алтынбек Қатымов пен Ризуан Қайыржанов Атыраудағы тергеу изоляторында жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі АқЖайық басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Атырау облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті сотталғандардың әлі ауыстырылмағанын хабарлады.
"Өмір бойы бас бостандығынан айырылған сотталғандар қазір Атырау облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің тергеу изоляторында отыр. Оларға Қазақстан Ұлттық ұланның арнайы күзетін тағайындау туралы өтініш берілді", – деді Атырау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бастығы Азамат Ізтілеуов.
Оның айтуынша, арнайы күзет тағайындалғаннан кейін сотталғандар соңғы баратын жеріне ауыстырылады. Дегенмен қашан ауыстырылатыны әлі нақты жарияланған жоқ.
Еске салайық, 2024 жылғы қазанда жоғалып кеткен Яна Легкодимованың мәйіті биыл маусымда Атырау облысынан табылған еді. 2024 жылғы 18 қазанда бойжеткен танысының қоңырауынан кейін үйінен шыққан. Бірақ сол күйі үйіне оралмаған. Ол өмірінің соңғы сәттерінде танысының көлігінде болған. Қылмыстық істі қозғауға Янаның күнделігі себеп болған. Марқұм күнделігінде "Р" деген біреуді атап өткен.
17 қарашада сот Янаны өлтірді деп айыпталған 24 жастағы Ризуан Хайржанов пен 25 жастағы Алтынбек Катимовты аса ауыр қылмыстар жасағаны үшін өмір бойы бас бостандығынан айырды.
"Терезеге телміріп, жүруді армандадым": 10 жыл төсекке таңылған марафоншы ауруды қалай жеңгенін айтты
Оқыңыз