Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

HUAWEI ұсынған AppGallery қосымшалар дүкені несімен ерекше

Әлемдегі ең қымбат брендтердің бірі – HUAWEI компаниясы тек өзінің гаджеттерімен емес, қолданушыларына арналған үздік экожүйемен де танылып отыр. Компания шығаратын смартфондардың барлығына AppGallery дүкені орнатылған. Дүкеннен қажетті қосымшаларды оңайлықпен жүктеуге болады. Ал қауіпсіздік үшін алаңдаудың қажеті жоқ. Stan.kz тілшісі AppGallery-дің негізгі артықшылықтарына талдау жасап көрді. 

аппгалери

Фото: consumer.huawei.com

HUAWEI компаниясы өз экожүйесін 2011 жылдан бері дамытып келеді. Бастапқыда AppGallery тек қытайлық тұтынушыларға арналса, 2018 жылдан бері халықаралық нарықта ұсынылды. 6 жылға жетер-жетпес уақытта AppGallery қосымша жүктеуге арналған дүкендердің ішінде алғашқы үштікке еніп үлгерді. 

AppGallery-дің қандай артықшылықтары бар?

HUAWEI смартфондарына арналған AppGallery дүкенінен кез келген қосымшаны табуға болады. Мәзір де кең көлемді, мұнда 1 миллионнан аса қосымша бар екен. Оларды жүктеу үшін HUAWEI-аккаунтын ашу қажет. 

AppGallery-ден банк қосымшаларын жүктеуге болады. Қосымшалардың барлығы ресми және қауіпсіз. Қауіпсіздік демекші, жүйе қауіпсіздікті үшдеңгейлі әдісімен қорғалған. Сондықтан жеке деректеріңіздің ешқайда тарап кетпейтініне кепілдік береді. Оның үстіне телефоныңызға зиян келтіретін вирустардан қорғап, әр қосымшаны тексерістен өткізеді екен. 

апгалери

Бұдан бөлек ата-аналарға арналған бақылау бөлімі де бар. Ол арқылы балаңыздың қандай қосымша жүктегенін, қандай ойын ойнағанын да көре аласыз. 

AppGallery-дің интерфейсі өте ыңғайлы, дүкенді алғаш қолданған адамға да түсінікті. Қажеттінің бәрі көз алдыңда, ал іздеу жолына керек қосымшаның атауын жазып, бір мезетте жүктеуге болады. Сондай-ақ қосымшалар автоматты түрде жаңартылады. Жаңарту уақытын өзіңіз таңдай аласыз. Осылайша қосымшалардың ең соңғы нұсқаларын жүктеп отыруға уақыт жұмсамайсыз. 

Қосымшалар әртүрлі топтамаларға бөлінген. Бұл тақырыпқа және сіздің қалауыңызға сай қосымшаларды таңдауға мүмкіндік береді. Егер "Кітап сөресі" деп терсеңіз, дүкен жүктеуге болатын онлайн кітапханалардың тізімін шығарады. Ал өзге тілді меңгергіңіз келсе, "Тіл үйрену" деп жазсаңыз жеткілікті. Көз алдыңызға рейтингі жоғары, уақыт тексерісінен өткен тіл үйренуге арналған қосымшалар шыға келеді. 

апналери

AppGallery-дің ең үлкен артықшылығы – өзге дүкендерден алып тасталған қосымшаларды жүктеу. Мәселен, мұнда көпшілікке қол жетімсіз болып қалған 2ГИС навигаторын еш кедергісіз орнатып, қолдануға болады. 

Сонымен қатар AppGallery әр қолданушының жеке қажеттіліктеріне қарай қосымшалар легін ұсынып отырады. Бұл ұсыныс тек сізге арналған және эксклюзивті болуы мүмкін. Оның үстіне дүкен Android операциялық жүйесімен жұмыс істейтін кез келген смартфонға орнатылады. Бұл үшін AppGallery-дің ресми сайтына өтсеңіз болғаны. 

HUAWEI ұсынған бұл дүкенде WhatsApp, Telegram, TikTok сынды қосымшаларды табуға болады. Бұдан басқа денсаулықты және ұйқыны бақылауға арналған қосымшалар, қаржы құралдарын да жүктей аласыз. 

Қосымшаларды сатып алу мүмкіндігі мен төлем жүйесі

Өзге дүкендер секілді AppGallery-ден ақылы қосымшаларды табуға болады. Алтөлем бағдарламаның ішінде жүзеге асырылады. Бұл үшін қолданушыларға үш төлем түрі ұсынылған.

апгалери

Ең қарапайымы – банк картасын тіркеу. Бұл үшін MasterCard немесе VISA төлем жүйелерінің пластик және виртуалды картасы болса жеткілікті. 

Картаны жеке кабинетіңізде тіркеуге болады. Алдағы уақытта өзге төлемдер үшін тіркелген картадан ақша алынады. 

Төлемнің келесі түрі – QIWI әмияны. Бұл үшін "Төлемдер мен сауда" бөлімінен "Банк картасының" орнына eWallet нұсқасын таңдау керек. Ал үшінші түрі – мобильді телефон шоты арқылы. Дүкенде бұған дейін сатып алынған қосымшалар тарихын жеке кабинеттен көруге болады. 

Қорыта келе, AppGallery қосымшасы өзге дүкендердің орнын алмастыра алары сөзсіз. Ал ең маңыздысы дүкеннің жұмысы оңтайландырылған. Қолданушының қажетін толығымен өтей алады. 

STAN.KZ
Жұма, 13 Желтоқсан, 2024 15:39