Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбе облысында ер адам "отбасын сақтап қаламын" деген желеумен әйелінің жұмысына барып, пышақтап кеткен

Ер адам банк бөлімшесінде кеңесші болып жұмыс істейтін әйеліне пышақпен келіп, кеудесі мен иығына сұққан. Оқиға Хромтаудағы банктердің бірінің бөлімшесінде орын алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды “Диапазон” порталына сілтеме жасап хабарлайды. 

Жанжал кезінде пышақтың жүзі сынып, әйелдің иығында қалып қойған. Соған қарамастан қаскөй жұбайының денесі мен басынан соққылауын жалғастырған. Кейін оқиға орнынан қашып кеткен. Жағдайдың бәрі жәбірленушінің әріптестерінің көз алдында болады. Болған істен кейін әйел ауруханаға жеткізілген.

Басында әйелін соққыға жығып, пышақпен шабуыл жасаған ер адамға “кісі өлтіруге оқталғаны үшін” деген айып тағылған. Жәбірленуші олардың баласы бар екенін, күйеуі алкогольді шектен тыс ішетінін, шөп шегетінін, оны және анасын өлтіремін деп қорқытқанын айтты. Ол жұбайын кешірмейтінін жеткізіп, соттан оны бас бостандығынан айыруды сұрады.

Сотта айыпталушы әйелін өлтіргісі келмегенін мәлімдеді. Оның айтуынша, керісінше “отбасын сақтап қалғысы” келген. Сот процесі барысында прокурор істі “кісі өлтіруге оқталу” бабынан "пышақ пайдалану арқылы бұзақылық жасау" айыбына ауыстырды. Сот та “бұзақылық жасады” деген айып дұрыс деп санады. Өйткені сотталушы жұбайына қоғамдық жерде пышақпен шабуыл жасап, денсаулығына жеңіл зиян келтірген. Сот ер адамды “бұзақылық жасағаны үшін” алты жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды. Үкім жарияланған кезде айыпталушы мен жәбірленуші ажырасып кеткен. 

Талқылау