Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте Home Credit Bank-тің жаңа филиалы ашылды

Шымкентте Қазақстандағы жалғыз еуропалық банк — Home Credit Bank-тің жаңа филиалының ашылуы өтті.

Соңғы бірнеше жылда банк daily banking санатында тиімді кешбэктері бар дебет карталары, ыңғайлы кредит өнімдері, тегін төлемдер мен аударымдар, 17,8% дейінгі мөлшерлемелері бар икемді депозиттер сияқты бәсекеге қабілетті қызметтерді іске қосты. Нарықтағы ең үздік OZEN бөліп төлеу картасы бүкіл әлем бойынша және интернет-дүкендерде сауда жасау мүмкіндігін ұсынады. Енді серіктесті іздеудің қажеті жоқ. Сонымен қатар оның көмегімен әлемдегі кез келген банкоматтардан ақша алуға және мобильді қосымшада комиссиясыз аударымдар жасауға болады. 

Осы қызметтердің бәрі енді Шымкент қаласында да қолжетімді болады. Жаңа банк бөлімшесі клиенттермен ұзақ мерзімді және тиімді қарым-қатынастарды дамытуға көмектеседі. 

"Қазір көптеген қызметтерді мобильді қосымша арқылы жүзеге асыруға болады. Алайда цифрландырудың өсуіне қарамастан, клиенттер үшін көзбе-көз кездесіп кеңес алу банкті таңдау кезінде басты рөл атқарады. Сондықтан жеке тұлғаларға арналған онлайн шешімдермен қатар біз филиалдық желімізді де кеңейтуді жалғастырамыз. Бұл стратегия клиенттерге қызмет көрсетуді барынша икемді әрі ыңғайлы етіп, цифрлық арналар мен бөлімшелерді біріктіруге мүмкіндік береді. Клиенттер өз қалаулары бойынша операцияны онлайн жасауды немесе бөлімшеге барып кеңес алуды таңдай алады", - деп атап өтті Home Credit Bank Басқарма төрағасы Кирил Бачваров.

Қазір Қазақстанның 18 қаласында Банктің 18 филиалы мен 33 бөлімшесі бар. Шымкент қаласындағы жаңа филиал Қонаев көшесі 15/2, Alban бизнес орталығы мекенжайында орналасқан. Жұмыс уақыты: 9:00 - 18:00.

Home Credit Bank халықаралық PPF тобына кіреді. Қазақстанда банк 2005 жылдан бастап жұмыс істейді және жеке тұлғаларды кредиттеу саласында маңызды рөл алып отыр. 

Биыл банк өз қызметтері мен операцияларын кеңейте отырып, кәсіпкерлерге барлық банктік операцияларды онлайн түрде жүргізуге мүмкіндік беретін HCB Business шағын және орта бизнеске арналған цифрлық банкті іске қосты. Енді клиенттерде шотты 5 минут ішінде ашу, күнделікті операцияларды, төлемдерді, аударымдарды, сыртқы экономикалық қызмет бойынша операцияларды жүргізу, сондай-ақ онлайн-бухгалтерияны пайдалану мүмкіндігі бар. 

ҚР Ұлттық Банкінің деректері бойынша, 2023 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша банк активтер бойынша Қазақстандағы 21 банктің ішінде 13-ші орынды алады. Бір жыл ішінде Home Credit Bank активтері 38%-ға өсіп, 764 млрд теңгеге жетті. Банктің капиталы 155 млрд-қа жетіп, жылдың басынан 20%-ға өсті. Кредиттік портфель осы уақыттың ішінде 41%-ға өсіп, 557 млрд теңгеге дейін, ал бөлшек сауда қорландыру 45%-ға өсіп, 406 млрд теңгеге дейін жетті. 

№ 1.2.36/40 лицензия, 17.08.2022 ж. Қазақстан Республикасының қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі берген.

Талқылау