Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ХОК даңқты балуан Абдулрашид Садулаевты Париж олимпиадасына жолдама беретін турнирге қатыстырмай қойды

Халықаралық олимпиада комитеті ресейлік, даңқты балуан Абдулрашид Садулаевты Еуропа бойынша лицензиялық турнирге қатыстырмайтын болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Қазақстан күрес федерациясы

Халықаралық олимпиада комитеті кезекті рет халықаралық жарысқа қатыстырылмайтын спортшылардың тізімін жариялап,  сол тізімге олимпиада ойындарының екі дүркін чемпионы Абдулрашид Садулаевты қосқан. Ол Бакуде өтетін  Еуропа бойынша лицензиялық турнирде күресе алмайтын болды.  Садулаевты қатыстырмау туралы шешімді ХОК өзі қабылдаған. Оның орнына 97 келіде Алихан Жабраилов қатысып, лицензияға таласады. Күрес түрлерінде жолдаманы спортшыға емес, командаға беретін ескерсек, Садулаев олимпиадада күресуі әбден мүмкін.   

Айта кетейік, Садулаев таяуда Румынияда өткен Еуропа чемпионатына қатысуға барып, кеденшілер оны шенген визасына қатысты мәселе бар деп жарысқа жібермей қойған еді. Сөйтіп ол Еуропа біріншілігіне қатысуға барып тұрып, әуежайдан кері қайтқан. 

 

Талқылау