Хит имам Нұрлан Байжігітұлы киноға түсті
Қалың көпшілікке “TikTok имам” деген атпен танылған Нұржан Байжігітұлы отандық кинотуындыда бой көрсетпек. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Түнгі студия” бағдарламасына сілтеме беріп хабарлайды.
©instagram.com/nurlanimam.kz
“Мен отандық киноға түстім. 11 мамырда премьерасы болады. Ол жерде эпизодтық рөл ойнаймын. Маған біреулер: “Мүмкін базарға барып дінді насихаттайтын шығарсың” деген. Кино, базар тұрмақ менің қажетім керек болса моншаға барып дінді насихаттауға дайынмын. Өзім кино түсіремін деп айта алмаймын. Әркім өз шаруасымен айналысу керек”, – дейді Нұрлан имам.
Дінтанушының айтуынша, әлеуметтік парақшасын өз жүргізеді.
“Парақшамды өзім жүргіземін, өзім саламын, өзім монтаждаймын. Мені ТМД елдері көретіндіктен видеоларымның сапасын көтеру керек болды. Сол себепті белгілі бір мамандардан көмек сұрадым”, – дейді имам.
Талқылау

Ирандағы шиеленістен соң мұнай құны өссе, Қазақстанда доллар бағамы төмендей ме – Сарапшылар жауап берді
Сарапшылар мұнай бағасына қатысты пікір білдірді

"Нағыз чемпион бұлай өмір сүрмеуі керек": Күрестен бірнеше дүркін жеңімпаз болып, бір бөлмелі пәтерде тұратын әйел көптің көңілін босатты
Желі қолданушылары: "Еңбегін ел дұрыс бағалады ма? Әдеттегідей. Ұмыт қалған”