Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Хит әндердің авторы: Құрманай Бақтиярқызы ән мәтінін қанша ақшаға сатады

Құрманай Бақтиярқызы бүгін ел аузындай шырқалып жүрген бірнеше ән сөздерінің авторы. Әртүрлі жанрда мәтін  жазып, күй талғамайтын ақынның қаламақысы қанша?

Бұл туралы "Астарлы ақиқат" бағдарламасындай айтылды. 

Ақынның айтуынша, ол танымал әншілерден қаламақы есебінде 500 доллар алатын көрінеді. Ал, жаңа шығып келе жатқан әншілерге жеңілдік жасайды. 

"Мәселен, танымал жұлдыздарға әнді 500 долларға жазамын. Жас әншілерге 100-200 долларға. Тіпті тегін жазып беруім де мүмкін. Әнді әр түрлі жағдайда жазатын кездер болады. Мені ең бірінші танымал еткен "Толғанай" әні. Асқар Жүнісбековке сөзін жазуға уәде берген едім. Бір күні хабарласып, ән мәтінін сұрады. Ол менің есімнің шығып кеткен екен. Үйге барып жіберем дедім. Көлікті тоқтата сала, сол жерде мәтін жаздым. Қызымның есімі Толғанай. Осы атаумен ән жазып шықтым. Бір аптаның ішінде ән елдің аузынды жүр деп хабарласты. Барлық адамның телефоннан осы әнді тыңдап отырғанын көретінмін. Бұл менің әнім деп айтқым келетін. Ол кезде мені ешкім танымаушы еді ғой", - дейді ақын. 

Айтуынша, Қайрат Нұртастың орындауындағы "Алматының түндері-ай" әнінің мәтіні де осылай тез арада жазылған екен. 

"Гүлзира Айдарбекова таңғы сағат 5-те сөз жазып берші деп өтінді. Таңертең жазып берейін дегеніме келіспеді. Жатып алып ұйықтап кетіп отырдым. Ояна сала жалғастырып жаздым. Бұл ән осылай таң арайлап атқанша жазылып бітті", - деп күледі.


Тағы оқыңыз:


 

STAN.KZ
Дүйсенбі, 30 Наурыз, 2020 15:31
Талқылау