Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Хирургтер 30 жыл темекі шеккен адамның өкпесі қандай болатынын көрсетті (видео)

Қытайдың Цзянсу провинциясындағы клиниканың трансплантолог хирургтері 30 жыл темекі шеккен адамның өкпесі қандай болатынын көрсетті.

Хирургтер 30 жыл темекі шеккен адамның өкпесі қандай болатынын көрсетті (видео)

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Fox News басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Әлеуметтік желіде тараған видео 25 миллионнан астам қаралым жинады. Желі қолданушылары роликті «темекіге қарсы ең үздік жарнама» деп атады. 


Тағы оқыңыз:

Адам туралы қызықты 100 дерек


Хирургтер көрсеткен өкпе өз ағзасын өзгелерге беруді ұйғарған 52 жастағы ер адамға тиесілі. Пациент өмірінің соңына дейін компьютерлік томография жасатпаған. Сондықтан трансплантологтар оның өкпесінің қандай күйде екенін тек алып шыққаннан кейін білді. 

Хирургтер 30 жыл темекі шеккен адамның өкпесі қандай болатынын көрсетті (видео)

Анықталғандай, ол басқа адамға орнатуға жарамсыз болып шыққан. Видео қадрларынан ағзаны толықтай қара шайыр басқаны көрінеді.

«Бұл мемлекетте темекі шегетіндердің көбінің өкпесі осындай күйде. Қараңызшы, енді темекі шегуге батылыңыз жете ме?» - деп жазды дәрігер Чен Цзинюй.

STAN.KZ
Сәрсенбі, 20 Қараша, 2019 11:15
Талқылау