Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ХАМАС саяси ұйым мәртебесін алу үшін АҚШ-қа қару-жарағы мен туннель карталарын тапсырмақ

Фото: AFP

ХАМАС АҚШ-пен жүргізілген келіссөздерде қару-жарағын және жер асты туннельдерінің схемаларын тапсыруға келіскен. Оның орнына ұйымды қудаламай, заңды саяси партия ретінде тануды сұраған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Sky News Arabia басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Дереккөздің айтуынша, ХАМАС қару-жарақ пен туннель карталарын “әзірге жария етілмейтін арнайы тетік арқылы” тапсырады. Келісім бойынша ХАМАС-тың саяси және әскери жетекшілері Газадан кеткісі келсе, оларға мүмкіндік беріледі. Ал АҚШ өз кезегінде ұйымның шетелде жүрген басшыларына болашақта әскери соққы жасамауға уәде беруі керек.


ХАМАС барлық израильдік тұтқынды босатуға дайын екенін мәлімдеді


Израиль мен ХАМАС Газадағы атысты тоқтату бойынша келісімге келді


АҚШ ХАМАС құрамында болған кейбір полиция қызметкерлерін Газада құрылатын жаңа әкімшілікке жұмысқа алуды ойластырып отыр. Бірақ олар алдымен Израиль мен АҚШ бірлесіп жүргізетін қауіпсіздік тексеруінен өтуі керек. Америкалық делегация бұл келісімдердің кейбір тармақтарына Израиль тарапынан елеулі қарсылық бар екенін ескерткен.

Дереккөздің айтуынша, Израиль ХАМАС-ты Палестинадағы саяси аренада саяси партия ретінде сақтап қалуға қатысты тармақтарды қабылдамаған. Ал Палестина тарапы егер бұл келісім Газа секторы аймағындағы соғысты тоқтатуға, атысты доғаруға және қалпына келтіру үдерісін жеделдетуге ықпал етсе, барлық шарттармен келісуге дайын екенін білдірген.

Еске салсақ, бұған дейін ХАМАС Израильдің соғысты тоқтату жайлы келісімшартын қабылдаған еді. Былтыр 19 қаңтарда Израиль мен ХАМАС-тың соғысты тоқтату келісімі күшіне енді. 

Жұмаділлә Нұрила
Жұма, 23 Қаңтар, 2026 10:30